ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АҚШ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ЖАҢБЫРЛАТЫП СУАРУ ТӘСІЛІ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ

Түркістан қаласының маңында диқандар егістікті АҚШ-тан әкелінген арнайы техника арқылы жаңбырлатып суара бастады. Мамандардың айтуынша, бұл – өте тиімді тәсіл. Осы бастама арқылы өнім түсімі екі-төрт есеге дейін артады деп жоспарланып отыр.
2018 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи шешіміне сәйкес, Түркістан қаласы облыс орталығы болып бекітіліп, «Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» қабылданған болатын. Осы жоспарға сәйкес, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру және су нысандары жобалары іске асырыла бастады.
Кешенді жоспар аясында аграрлық салаға, оның ішінде Түркістан қаласы аумағында 11 мың га алқапқа азық-түлік белдеуін қалыптастыру және ағын су тапшылығын жою мақсатында су нысандары құрылысын жүргізуге үлкен басымдық беріліп отыр.
Биыл жыл басында «Түркістан Агро ХХI» ЖШС-нің бастамасымен 131 шаруа қожалық бірігіп, нәтижесінде «Ынтымақ – 2019» кооперативі құрылды. Бүгінде аталған кооперативтің 733 га алқабына 18 бірлік жаңбырлатып суғару технологиясы машинасын орнату жоспарланған. Жобаның құны – 500,0 млн. теңге. АҚШ-тың «T-L» маркалы технологиясын елімізге Нидерландының «APH Group B.V.» компаниясы жеткізген.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*