Сайрам — Түркістан облысындағы ірі аудандардың бірі саналады. Ауданның өңіріміздегі өндірістік-экономикалық әлеуеті жоғары деуге толық негіз бар.
Сайрам ауданында тұрғындарды толғандырып жүрген түйткілді мәселелер шешімін тауып келеді. Соның ішінде, жол мәселесі аудан әкімі Арман Сәбитовтің тұрақты бақылауына алынған. Бүгінде ауданға қарасты елді мекендерде жергілікті көшелердің жолдары кезең-кезеңімен жөнделіп, қалыпқа келтіріліп жатыр.
Биыл Қарамұрт ауылында жыл соңына дейін 7 көшеге асфальт төсеу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 2,8 шақырымды құрайтын Абай, 1,4 шақырымды құрайтын Жеті мама, 710 метр шамасындағы М.Шерметов көшелеріне асфальт төселді. Аталған көше тұрғындары атқарылған жұмыстар үшін жауапты тұлғаларға өз алғыстарын білдіруде.
Алдағы уақыта ауылдық округтегі көлік қатынасының сапасы мен қарқынын жақсарту мақсатында Жамбыл, Сайрам, Р.Нематуллаев, Полатов көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Айта кетейік, Сайрам ауданы құрамына 11 ауылдық округ кіреді. Орталығы- Ақсукент. Ақбұлақ, Арыс, Жібек-Жолы, Қайнарбұлақ, Қарасу, Қарабұлақ, Қарамұрт, Құтарыс, Көлкент, Манкент ауылдық округтері өңірді жан-жақты дамуына үлесін қосып келеді.
Қазіргі қоғамда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық – тек жеке мәселе емес, ол бүкіл қоғамды алаңдататын маңызды әлеуметтік проблемаға айналып отыр. Осыған орай, Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімі «Профилактика жылы» […]
Табиғаты әсем Түлкібас ауданы экономикасының дамуының маңызды бағыттарының бірі – туризм саласы. Ауданда туризмді дамытуға ден қойылған. Қазіргі таңда Түлкібаста 36 туристік нысан жұмыс істейді. Атап айтқанда, 6 балалар сауықтыру лагері, 2 емдік сауықтыру орталығы, […]
Түркістан облысында инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы ізденістер мен жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет инвесторларды қабылдап, жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізді. Алдымен Қытай инвесторларымен кездескен өңір басшысы зауыт, өндіріс […]
Пікір қалдыру