Ордабасы ауданы Түркістан облысындағы экономикасы қарқынды өсіп келе жатқан алдыңғы қатарлы өңірлер қатарында. Биыл сәуір айында Бадам елді мекенінде ашылған тігін фабрикасы да ауданның өркендеуіне өзіндік үлес қосарына күмән жоқ. Ордабасы ауданында биылғы жылдың 6 айында 3 инвестициялық жоба іске қосылды. Алдымен Дархан Сатыбалды Бадам елді мекенінде орналасқан «JNRAY Group» ЖШС-нің тігін фабрикасымен танысты.
Тәулігіне 500 дана өнім шығаруға қауқарлы фабрикада 500-ге жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жалпы құны – 1 млрд. 300 млн. теңге. Өндіріс алаңы 1,5 гектарды құрайтын фабриканың өнімі толықтай дерлік еліміздің ішкі нарығына жіберіледі.
Жалпы «JNRAY Group» тігін фабрикасы 3-кезеңмен іске асырылуда. 2023 жылы құрылысы басталып, биыл аяқталады деп жоспарланып отыр. Заманауи құрылғылармен жабдықталған.
Облыс басшысы кәсіпорын басшылығымен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады. Сондай-ақ жауапты басқарма мен аудан әкіміне кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмысын жандандыруды тапсырды.
Бүгінде Ордабасы ауданында әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны тұрақты деңгейде. Жан басына шаққанда жалпы өңірлік өнім 793 мың теңгеден келеді. Жалпы өңірлік өнім құрылымының 39 пайызы ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке 29 пайызы, саудаға 19 пайызы, құрылысқа 13 пайызы тиесілі. 2023 жылдың қорытындысымен өсім жоғарылаған. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 1 102 жұмыс орындары ашылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде, жастар арасында кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында биыл жасқа несие беру көзделді.Несие жеңілдетілген 2,5 пайызбен 5 млн. теңгеге дейін беріледі. Бүгінгі таңда, комиссияда жастың жобасы мақұлданып, кәсіпкерлігін дамытуға қолдау тапты. Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
Түркістан облысында биыл 50-ден астам мектеп бой көтереді — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасө зқызметі. Алдағы уақытта облыста бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасады. Бүгінгі таңда облыстағы 133 […]
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Ордабасы ауданынына жұмыс сапарымен барды. Аудан әкімі Азат Оралбаевпен бірге бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жай-күйімен танысты. Ауданда жиырма шақты мәдениет ошағы халыққа қызмет көрсетіп келеді. Оның ішінде аудандық мәдениет […]
Жыл басынан бері Ордабасы ауданында 287 адам көз жұмған. Бұл жайлы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды хабарлады. «Аудандағы кісі өлімі жағдайы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 50 адамға көбейген. Оның ішінде қан айналымы жүйесінен 86 […]
Пікір қалдыру