Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Темір Базарбайұлы мен Нұрсұлтан Төленұлының ауданымызға жасаған іс-сапары барысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Бізге ғалымдар, инженерлер, өнертапқыштар қажет. Мамандарымыз әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай білімді де, білікті болуы тиіс» деген сөзін жұмыстарының басым бағытына айналдырған Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде болып, білім ордасының ұжымымен, жастармен жүздесті. Білім сапасын арттыру мен қолбайлау болып отырған кейбір мәселелердің шешілу жолдары бойынша пікірлерін тыңдап, ұсыныстары талқыланды.
Алғашында Мырзашөл өңірі мектептерін педагог кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында ашылған білім ордасы білім беру ісінде озық инновациялық құрал-жабдықтармен жарақтандырылғанын, заман талабына жауап беретін оқу және материалдық-техникалық базасы қалыптасқанын айтқан колледж басшысы Лаззат Баймаханова ұстаздар мен студенттердің жеткен жетістіктерімен таныстырды.
Студенттердің сапалы білім алуына 1 типтік оқу ғимараты, 2 жатақханасы қызмет көрсететін аталмыш колледжде гуманитарлық-техникалық бағыттағы мамандықтар бойынша 1300-ден аса студент білім алуда.
Кездесуде колледж басшысы өткен жылы қос жатақханаға ағымдағы жөндеу, безендіру, жаңарту жұмыстары жүргізіліп, студенттердің жатын бөлмелері жаңа жиһаздармен, ішкі әжетханалармен, жуынатын бөлмелермен, бейнебақылау камераларымен қамтылғанымен 43 жыл бұрын салынған ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстарына мемлекеттен қаржы бөлдіруге көмек сұрады.
Айта кетейік, арнайы компьютер сыныптарымен, лингафон және мультимедиялық кабинеттермен, зертханалармен, шеберханалармен және арнайы оқитын, жеке сабақтарға арналған, жалпы білім беретін пәндерге арналған оқу кабинеттерімен қамтылған колледжде студенттер бүгінде 100 пайыз мемлекеттік грант негізінде білім алады.
Биылғы жылдың басынан бері «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 60 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылысын тәмамдап, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға табыстаған Жетісай ауданында «BinazarGroup» ЖШС басшысы Берік Кембилдің өз қаржысы есебінен тағы 54 пәтерлі […]
Биылғы жылдың басында Қарақай ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуімде өзекті деген 6 мәселе көтеріліп, оның 4-і шешімін тапса, қалған 2-і орындалу үстінде. Нақтырақ айтар болсам, Кетебай елді мекеніндегі егістік жерлердегі сарқынды суларды қашырту үшін 2 […]
Жетіай ауданының әкімі Серік Мамытов, білім күні қарсаңында ауданның білім ошақтарында қызмет етіп жүрген мұғалімдерді білім күнімен құттықтады. Ол өз құттқтауын «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды. Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар мен барша қазақстандықтар! Сіздерді […]
Пікір қалдыру