2024 жылдың 21 қыркүйек күні Қызылқұм ауылдық округінде орналасқан №250 учаскелік референдум комиссиясының бастамасымен Қызылқұм, Абай, Мақталы, Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты учаскелік референдум комиссия мүшелерінің қатысуымен семинар трениг өткізілді. Семинарға 110-ге жуық комиссия мүшелері қатысты. Дауыс беру күнінде кездесетін мәселелер, мүгедектігі бар азаматтардың құқығы туралы бірнеше кейстер ортаға салынып талқыланды.
Сондай-ақ семинар тренигтің барысында аудандық аумақтық референдум комиссия төрағасының орынбасары М.Жаппар және комиссия хатшы Д.Сейдикеримова семинарда байқаушылар болып өз тараптарынан сыни пікірлер айтылып, қойылған сұрақтарды қатысушыларға сұрау салу арқылы талқыланып нақты жауаптар берілді.
Сонымен қатар семинар барысында, Жетісай аудандық аумақтық референдум комиссиясы тарапынан арнайы дайындаған кейстерді пайдалана отырып, учаскелік референдум комиссиясының жұмыс процесінде жіберілген кемшіліктерді қатысушылардан сұрау сала отырып заңда көрсетілген нақты жауаптарын біргелікте талқылау арқылы шешімдерін тауа білді. Сондай-ақ практикалық семинар барысында учаскелік реферундум комиссиясына дауыс беруге қол арба арқылы келген мүгедектігі бар, тізімнен енбей қалған азаматтың дауыс беруге қатысу нақты көрсетілді.
Семинар соңында практикалық семинарды қорытындылай келе барлық қатысушыларға алғыс білдіріп алдағы референдумды мәдениетті, әрі сапалы өткізуге сәттілік тіледі.
Жыл басынан бері «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 60 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға табыстаған Жетісай ауданындағы «BinazarGroup» ЖШС басшысы Берік Кембилдің өз қаржысы есебінен тағы 50 пәтерлі 2 […]
АЭС салу мәселесі ұзақ жыл көлемінде болып жатқан әңгіме. Дамыған елдерге қарасақ, солардың көпшілігінде АЭС бар. Олар өткен ғасырдың 80-90 жылдарынан бастап сала бастады. ХХ ғасырда энергияның екі түрін ғана пайдаландық. Бірі – көмір, бірі […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі әлемде энергия тапшығының күшейіп бара жатқанын ескере отырып, атом энергетикасын дамытуға мән беру керектігіне тоқталып өткен болатын. […]
Пікір қалдыру