ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтуы керек. Өйткені табиғат тіршіліктің құт-берекесі. Қоршаған ортаны таза ұстау – әр адамзаттың міндеті. Жаһандық экологияға үн қату, оны барынша насихаттау елдің ертеңгі болашағы үшін маңызды істің бірі. Әр адам тазалық пен тәртіпті өз айналасынан, қоршаған ортасынан бастаса елге деген сүйіспеншіліктің айқын белгісі болары анық. Еліміздегі аса өзекті проблемалардың қатарына қоршаған ортаны қорғау мен экологиядағы өзекті мәселелер жатады. Осы жағдайға қатысты бүгінгі таңда елімізде түрлі шаралар жүзеге асырылып келеді.
Қала тазалығына жауапкершілікпен қарап, айналаны ұқыпты ұстау санитарлық талап қана емес, биік мәдениеттің белгісі.
Қаратау ауданы аумағында кешенді тазалау жұмыстары күнделікті кестеге сәйкес атқарылуда. Бұл бағыттағы шаралар мердігер мекеме “Жасыл-Жер Шымкент” ЖШС тарапынан тұрақты жүргізіледі. Бекітілген кестеге сәйкес тазалық қызметкерлері жаяу жүргіншілер мен автокөлік жолдарын сыпырып, көгалдарға күтім жасайды, қоқыс жәшіктерінің таза, бос болуын қадағалап, жасыл желектерді суарады. Сондай-ақ, биіктігі 15 см-ден асатын шөптерді шабу, ағаштарды санитарлық кесу, жасыл желектерді құрғақ минералды тыңайтқыштармен қоректендіру, талдардың түптерін ақтау жұмыстары атқарылады. Тазалық жұмыстарына 150-ден астам жұмысшы, 15 техника жұмылдырылуда.
Бүгінгі таңда жалпыұлттық сипаттағы сенбіліктер тұрақты науқанға айналып отыр.
Қала халқын бірлікке бастайтын экоакцияның маңызы зор деп білеміз. Өйткені экологияны жақсарту, халықтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту,  өңіріміздің көркейіп, гүлденуіне үлес қосу, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыру өзекті деп білеміз. Өйткені тазалық — ортақ міндет. Сол себепті, әрбір азамат, әр ұжым ортақ шаңырағымыздың аумағын таза ұстауға, күл-қоқыстарды шашпауға, туған жерімізді, табиғат ананы аялауға міндетті. Сондықтан қала тұрғындарын апта сайын өтетін тазалық акцияларына белсене қатысуға шақырамыз -дейді қатысушылар.
Табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырып, тұрғындарды белсенді экологиялық әрекетке тартуды көздеген игілігі мол бастама өз жемісін беруде. Адамзат табиғатпен және жердегі барлық тіршілікпен байланысты. Бұл тепе-теңдікті сақтау керек.
 Қала тазалығы — баршамыз үшін маңызды. Сондықтан да әрбір тұрғынды сүйікті қаламызды таза ұстауға шақырамыз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*