Бүгінде Түркістан тек елімізде ғана емес, алыс-жақын шетелге танылып үлгерді. Түркі елдері үшін мәдени және рухани өмірі ортақ болған қасиетті шаһардың мәртебесі асқақтай түсті. Өйткені Түркістанның жаңа кезеңге қадам басуы, қайта жаңғыруы тағы бір тынысын ашқандай.
Түркістанға келген адам қазақтың руханиятымен танысады
Еліміздің рухани астанасында әр күні түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіліп келеді. Мәдениеттің әр саласында ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктері бар. Бұл ретте облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қолдауы ерекше.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Түркістанға ерекше мәртебе беру тапсырмасын берді. Біз осыған лайық жұмыс істеп, мәдениет саласын да көтеруіміз керек. Түркі елдері ұйымының шешімімен Түркістан қаласы Түркі әлемінің 2024 жылғы туристік астанасы болып танылды.
-Бұл – біз үшін Түркістанның тарихын, руханиятын одан әрі танытуға, туристер арқылы әлемге насихаттауға тамаша мүмкіндік. Түркістанға келген адам қазақтың руханиятымен, болмысымен, мәдениетімен, тарихымен танысуды көздейді. Туризммен бірге мәдениет саласы дамуы тиіс. Халықаралық деңгейдегі өнер додаларының да өңір руханиятын дамытуға ықпалы зор деп есептеймін. — деген өз сөінде облыс басшысы
Түркістанда мәдениет пен өнерге айрықша көңіл бөлініп келеді. Өнер саласында Түркістанның өз брендін қалыптастыруды тапсырдым. Халықаралық өнер жобалары Түркістанды таныта түседі. Біздің бишілеріміз де, әншілер мен ансамбльдеріміз де өзімізден шығатын әрі Түркістан екенін білдіріп тұратын сәнді киіммен өнер көрсетулері керек. Түркістан рухани астана болғандықтан туристер біздің мәдениетімізді, ежелгі дәстүрімізді көргісі келеді, – деген Дархан Сатыбалды өңірдің рухани және мәдени әлеуетін көтеруді тапсырған болатын.
Өңірде руханият саласын серпілтетін жобалар жүзеге асып, жұмыстар атқарыла бастады. Облыс басшысының тікелей тапсырмасымен Облыстық мәдениет және туризм басқармасының «Конгресс Холл» көпсалалы кешеніне түрлі бағыттағы өнер ұжымдарын ашу үшін 100-ден астам штат берілді. Атап айтқанда, хореографиялық би ұжымы, этнофольклорлық ансамбль, биг-бэнд ансамблі, классикалық, эстрадалық, дәстүрлі, заманауи бағыттағы әншілер топтарына мамандар қабылданды.
Пікір қалдыру