Халықаралық көрмеге өз өнімдерін дайындап жатқан тағы бір кәсіпорын Шымкент қаласындағы «Барыс 2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 2007 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан серіктестікте жылына 27 мың тонна макарон өнімдері мен 3600 тонна кондитерлік өнімдер өндіріледі. Сапасы жоғары, бағасы төмен болғандықтан өнімге деген сұраныс аса жоғары. ЭКСПО көрмесіне орай, бүгінде кәсіпорын өнім көлемін 20 пайызға ұлғайтқан. Көрме қонақтарын тәттілермен тамсандыру үшін аянбай еңбек етіп жүрген зауыт жұмысшылары Астанаға 1070 тонна ұн мен нан өнімдерін жөнелтпек. Ұйымдастырушылардың шешімімен ЭКСПО-2017 көрмесінде Оңтүстік Қазақстаннан жеткен ауыл шаруашылығы өнімдері қонақтарға жәрмеңке түрінде алты рет ұсынылатынын айта кеткен жөн. Яғни, алғашқы лек – Оңтүстіктің тіл үйірер тәттілерінің жәрмеңкесі елордада 13-14 мамыр күндері ұйымдастырылады. Өнімдерді Астана қаласына тасымалдауға 25 автокөлік дайындалып, арнайы кесте түзіліп отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген алғашқы керуен Шымкенттен Астанаға 10 мамыр күні жолға шығатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-ДА ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯҒА 143 ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ
Оңтүстік Қазақстанда жергілікті полиция қызметкерлеріне 143 қызметтік автокөліктің кілті тапсырылды. Елбасының Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, бірқатар сала қызметкерлеріне […]
Онтустик Цирк организовал шоу «Энергия будущего»
В честь открытия международной специализированной выставки ЭКСПО-2017 учреждение Онтустик Цирк организовало в парке «Мир фантазий» города Шымкент шоу «Энергия будущего».На мероприятии свое искусство продемонстрировал подведомственные цирку эстрадный джазовый оркестр. В рамках проекта, в сопровождении эстрадного […]
ОҚО-да 500-ге жуық студент құрылыс жұмыстарына тартылады
Оңтүстік Қазақстан облысында студент жасақтары құрылыс жұмыстарына кірісіп кетті. Жазғы демалыста 500 студент өңіріміздегі құрылыс нысандарында еңбек етіп, мердігер компанияларға қолғабыс ететін болады. Бүгін бұл туралы Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өткен жұмыссыз жастарды еңбекке тарту […]
Пікір қалдыру