Бүгін қаламызда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті. Қоршаған ортаны қорғау және қаланың тазалығын арттыруға бағытталған бұл іс-шараға көптеген мекемелер мен ұйымдар белсенді қатысты. Олардың қатарында қалалық білім басқармасының ұжымы да бар. Сенбілік барысында ұжым Тыныбаев және Қазыбек би көшелері бойындағы тазалық жұмыстарын атқарып, көше бойындағы қоқыстарды сыпырып, қалдықтарды жинады.
Қалалық білім басқармасы қаламыздағы білім нысандарының қызметін үйлестіріп қана қоймай, экологиялық мәдениетті насихаттауда үлгі бола білді. Басқарма қызметкерлері сенбіліктен тыс қалған емес. Олар тек өз аулалары мен аумақтарын ғана емес, халық көп жүретін және тығыз орналасқан орталық көшелерді тазалау жұмыстарын да қолға алды. Бұл олардың табиғатқа жанашырлық танытуының және ортақ іске үлес қосуға деген ынтасының айқын көрінісі болды.
Қазіргі уақытта экологиялық ахуалдың жақсаруы әрбір азамат пен мекеменің осы бағыттағы жауапкершілігіне тікелей байланысты. «Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты да осы – қоғамды табиғатты қорғауға және экологиялық мәдениетті арттыруға ынталандыру. Бұл бастама аясында қала тұрғындары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, өз үлестерін қосуда. Қалалық білім басқармасының ұжымы да осы мақсатты көздеп, сенбілікке белсенді түрде атсалысты. Олар тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, қала тұрғындарына экология мәселесіне назар аудару керектігін түсіндіріп, өз үлгілерімен көрсетті.
Сенбілік барысында білім басқармасының қызметкерлері қоршаған ортаға құрметпен қарап, көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдарын мұқият тазартты. Жиналған қоқыстар арнайы техниканың көмегімен тиісті орындарға шығарылды. Ұжым өкілдерінің айтуынша, мұндай іс-шаралар қала экологиясын жақсартумен қатар, тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Басқарма қызметкерлері тек көше тазалаумен шектелмей, жасыл желектерді күтуге де көңіл бөлді. Олар ағаштарды қырқып, суарып, абаттандыру жұмыстарына қолғабыс етті. Сонымен қатар, тұрғындарға көшелерді ластамау жөнінде үндеу тастап, бұл жұмыстардың қала көркі мен экологиялық жағдайына тікелей әсер ететінін атап өтті.
Қалалық білім басқармасы экологиялық акцияларға тұрақты түрде қатысып, әр сенбілікке жауапкершілікпен қарайды. Ұжым мүшелері мұндай шаралардың маңыздылығын жақсы түсінеді. Олардың пікірінше, қала тазалығы – тек коммуналдық қызметтердің жұмысы емес, әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Бұл ретте басқарма қызметкерлері өз істерімен үлгі болып, табиғатқа деген қамқорлықты тек сөзбен емес, іс жүзінде дәлелдеп келеді.
«Тазалық — баршаға ортақ, алайда өзімізден бастауымыз керек. Бүгін ұжым болып көшелерді, жаяу жүргіншілер жолдарын тазалалап, табиғаттың, қоршаған ортаның тазалығына үлесімізді қостық деп сенемін. Қала тұрғындарын табиғатты қорғауға шақырып, тазалықтың сақталуына жауапкершілікпен қарауға үндедік. Бұл жұмыстардың арқасында қаламыздың көркі артып, тұрғындардың экологиялық мәдениеті қалыптасады деп сенеміз», – дейді басқарма өкілдері.
«Таза Қазақстан» акциясы бір реттік шара емес. Ол ұзақ мерзімді нәтижелерге қол жеткізуді көздейді. Мұндай сенбіліктердің басты мақсаты – қала тұрғындарының экологияға деген көзқарасын өзгертіп, табиғатқа қамқорлық танытуға үйрету. Қалалық білім басқармасының қызметкерлері де бұл бағытта белсенді жұмыс атқарып, өз үлестерін қосуда.
Олардың айтуынша, мұндай шаралар ұжымдық рухты нығайтып, табиғатты қорғау мәдениетін дамытады. Сонымен қатар, ол қала тұрғындары арасында экологиялық жауапкершілікті арттырып, табиғатты сақтаудың маңыздылығын ұғындыруға көмектеседі.
Қорытындылай келе, «Таза Қазақстан» акциясы қаланың экологиялық жағдайын жақсарту жолында маңызды рөл атқарады. Қалалық білім басқармасының ұжымы сияқты белсенді ұйымдардың қатысуы бұл бастаманың тиімділігін арттырады. Ортақ іс үшін жұмыла жұмыс істесек, қаламызды таза, жасыл әрі қолайлы етуге мүмкіндік туады. Бұл тек бүгінгі күннің емес, болашақ ұрпақтың игілігі үшін жасалатын маңызды қадам екені анық.
Пікір қалдыру