Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2024 жылғы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өңірде жалпыға бірдей қалалық тазалық науқаны бастау алып, сәтті өтіп жатыр. Бұл жайлы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Әбілқайыр Бақытқалиұлы, «Аманат» партиясы Шымкент қаласындағы филиалы жанынан құрыған экология кеңесі отырысында мәлімдеді.
Қазіргі уақытта Шымкент қаласында аталған акция жалғасуда. Қала аумағында жүргізіліп жатқан санитарлық тазалау жұмыстары барысында көшелер, аяқ жолдар, ирригациялық жүйелер, каналдар мен арықтар мұқият тазартылуда. Сонымен қатар, ағаштарды әктеу, санитарлық кесу, шөп ору және көшелерді жуу жұмыстары күнделікті атқарылып, аяқ жолдарды ретке келтіру, олардың жабындарын сырлау, жол жиектерін жуу мен тазалау шаралары да назардан тыс қалмай отыр. Қала аумағында көгалдандыру, санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстары бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүйелі түрде жүргізілуде. Осы орайда, тазалық сапасын арттыру мақсатында санитарлық тазалау жұмыстары үш ауысымға бөлініп (I ауысым 06:00–12:00, II ауысым 12:00–18:00, III ауысым 18:00–00:00) ұйымдастырылды.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде мердігер мекемелер тарапынан көшелерді тазалауға 50 адамнан тұратын арнайы бригадалар құрылып, олар халық көп шоғырланатын қоғамдық орындар, аялдамалар және жол жиектерінің тазалығын күнделікті қамтамасыз етуде. Аталған жұмыстар тек көшелерді тазалау шараларымен шектелмей, тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығару, қоқыстарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыруды да қамтиды. Қала әкімдігі мен тиісті мекемелер экологиялық мәдениетті көтеру мақсатында білім беру ұйымдарында, жоғары және орта оқу орындарында табиғатты қорғау тақырыбындағы дәрістер, сынып сағаттары мен кездесулер өткізуде. Бұл шаралар жас буынның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, табиғатты аялау мен қорғау мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді.
Сондай-ақ қала тұрғындарына экологиялық ақпараттық парақшалар тарату, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы науқан барысы жайлы хабар беру, әлеуметтік желілерде тұрақты ақпаратпен бөлісу жұмыстары да белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Бұған қоса, қызметкерлер мен мердігер ұйымдар жұмысшыларына көгалдандыру техникасын тиімді пайдалану, суару жүйелерін оңтайландыру, су үнемдеу әдістерін енгізу бойынша оқыту жүргізілуде. Техникалық әлеуетті арттыру үшін заманауи техника мен арнайы жабдықтар сатып алынып, оларды дұрыс пайдалану жөнінде мамандармен кеңестер өткізілуде. Нәтижесінде жасыл аймақтар көбейіп, гүлзарлар мен саябақтар саны артуда, шағын архитектуралық формалар мен демалыс орындарын таза ұстау ісі де тұрақты қадағалануда. Жұмыстардың орындалу сапасына мониторинг жүргізу үшін жауапты тұлғалар қаланың әрбір ауданында тұрақты тексеру ұйымдастырып, анықталған кемшіліктерді жою бойынша жедел шаралар қабылдайды.
Қоғамдық тыңдаулар арқылы тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстары ескеріліп, алдағы уақытта экологиялық акциялардың тиімділігін арттыру жоспары әзірленуде. Жалпы, «Таза Қазақстан» аясында іске асырылып жатқан бұл шаралар қаланың тұрғындары мен қонақтарына жайлы, таза және тартымды орта қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін күшейтуге бағытталған. Осы арқылы Шымкент қаласының аумағы жылдан жылға жақсарып, экологиялық ахуалдың оңалуына, жасыл желектердің көбеюіне, қала инфрақұрылымын экологиялық тұрғыдан жетілдіруге ықпал етуде. Тұрғындар арасында экологиялық белсенділік артып, қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдысы қалыптасып келеді. Болашақта бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру, тұрақты негізде жалғастыру көзделіп отыр. Қала әкімдігі жергілікті қауымдастықпен бірлесе отырып, табиғатты қорғау шараларына барынша қолдау көрсетіп, материалдық-техникалық базаны нығайту, қаланың санитарлық жағдайын жақсарту, бос жатқан жерлерді көгалдандыру, жасыл белдеулерді кеңейту, суару жүйелерін жаңарту және тамшылатып суару әдістерін кеңінен қолдану сынды кешенді жұмыстарды іске асыруды жалғастырады. Сонымен қатар қалдықтарды қайта өңдеуді ынталандыру, қоқысты жинау мен тасымалдауды оңтайландыру, халықты қоршаған ортаны таза ұстауға үндеу бағытындағы ақпараттық-насиxаттық іс-шаралар да өз жалғасын табады. Осы ретте жаңа технологияларды енгізу, инновациялық шешімдерді пайдалану, халықаралық тәжірибені зерттеу мен бейімдеу жұмыстары да жоспарланған. Нәтижесінде Шымкент қаласы экологиялық тұрғыда қолайлы, қауіпсіз, таза әрі жайлы ортаға айналып, тұрғындардың денсаулығына оң әсер етіп, олардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін болады. Осындай кешенді тәсіл мен жүйелі жұмыстардың арқасында қала біртіндеп дамып, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуде үлгілі аймаққа айналмақ. Жоғарыда аталған барлық іс-шаралар тұрақты түрде жалғасып, материалдық және адами ресурстарды тиімді пайдалану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізу жұмыстары үдемелі түрде жүргізіле береді. Осылайша «Таза Қазақстан» акциясының аясында атқарылып жатқан көпқырлы бастамалар қаланың болашағына жасалған игі қадам болып саналады.
Пікір қалдыру