Арыс қаласының әкімі БАҚ өкілдерін марапаттады

28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қоғамның барлық саласындағы жаңалықтың жаршысы болып жүрген журналистер қауымының кәсіби мерекесі «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне» орай ұйымдастырылған мерекелік шарада қала әкімі Мұрат Болатұлы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының редакторлары мен журналистерін, кадр сыртындағы операторлар мен пошта қызметкерлерін қабылдады.
 «Бүгін бүкіл еліміз үшін маңызы зор, мәні бөлек мереке. Себебі, бұқаралық ақпарат құралдары мен байланыс саласы кез келген мемлекеттің дамуында айрықша орын алады. Алаштың ардақтысы Міржақып Дулатов «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де мықты» дегенді айтқанда дәл осыны меңзеген.
Сіздердің Тәуелсіз Қазақстанның ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы мен нығаюына, еліміздің саяси тұрақтылығын, экономикалық жағынан шарықтап дамуын, әл-ауқатының айтарлықтай жақсаруын жан-жақты насихаттауға қосып отырған үлестеріңіз зор. Ел Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жасампаз идеяларының төңірегіне қоғамды топтастыру, ұлтты ұйыстыруға қомақты үлес қосып келесіздер. Халық сіздерге сенеді, сіздерге құлақ асады. Сіздер билік пен халықтың арасындағы алтын көпір, дәйекті дәнекерсіздер. Бұқаралық ақпарат құралдарының әрқайсысының көзқарасы әр бөлек, ұстанған бағыт-бағдары әртүрлі. Бірақ баршамыздың мақсат-мүддеміз бір. Ол – жасампаз бүгініміз бен кемел келешегіміз үшін белсене қызмет ету.
Сіздердің ақпарат саласындағы еселі еңбектеріңіз үшін Арыс қаласы әкімдігі атынан үлкен алғысымызды білдіремін. Алдағы уақытта да қоғамымызды нығайтып, еліміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қоса береді деген сенімдемін» — деп Арыс қаласының әкімі мерекемен құттықтады.
Қабылдауда шаһар басшысы М.Қадырбек бұқаралық ақпарат құралдарының үздік қызметкерлерін алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*