Елімізде өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі аясында киелі Отырар ауданына шет елден туристер саны артатыны белгілі. Осыған байланысты аудан орталығы талапқа сай ажарлы, таза болуы керек. Бүгін Отырар ауданының орталығы Шәуілдірде жалпыхалықтық сенбілік шарасы өтіп, барлық ауыл округтері, мекемелер мен ұйымдарды қамтығанын айта кеткен абзал. Сенбілікке аудан әкімінің орынбасары Ә.Жүнісов арнайы қатысып, тұрғындармен бірге жұмыс істеді. Сенбілікте аудан орталығындағы Жастар саябағының жаны мен Д.Алтынбеков каналының жағасы, «Жібек жолы» даңғылы, М.Мәметова көшесі және тағы да басқа көшелердің бойы ретке келтіріліп, тазаланды. Сенбілікке біркісідей атсалысқан тұрғындар аудан орталығындағы көшелердің тазалығы мен жаз айларындағы аптап ыстықтан өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалың шөптерді отап, артық қалдықтарды тазаланғанын айта кетейік. Отырар аудандағы барлық ауыл округін қамтыған сенбілік шарасы науқандық шара емес, алдағы уақытта тұрақты жүргізілмек.
Ұқсас жаңалықтар
ЖҮГЕРІНІҢ «ОТЫРАР» ЖӘНЕ «ОҚСЫЗ» АТТЫ СОРТЫ БАР
Биылғы жылы Ө.Оспанов атындағы ғылыми-зерттеу инситуты ғалымдарының ғылыми негіздемесіне сәйкес ауданымызға инвесторлар тартып, Түркиялық «Biotek» компаниясымен жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар, Түркиялық инвесторлар «Ақтөбе-Агро» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің 105 гектар жеріне жүгері дақылын еккен. Айта кету […]
ОҚО-да 2018 жылы «Бадам» қосалқы станциясының құрылысы басталады
Оңтүстік Қазақстан облысының, Ордабасы, Отырар аудандары мен Арыс қаласының аумағында орналасатын кәсіпорындар мен 244 мың тұрғынды тұрақты электр энергиясымен қамту мақсатында «Бадам» қосалқы станциясының жобасы әзірленіп жатыр. Аталған станцияның құрылысы 2018 жылы басталады. Облыстық Энергетика және […]
Отырарда қамыс плитасын шығаратын зауыт ашылады
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының Отырар ауданында жүзеге асырылуы мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баспасөз конференциясын берді. […]
Пікір қалдыру