Шіліңгір шілденің ыстығы қайта бастаған шақта аудан басшысы мәртебелі меймандарды «Бестораңғыл» елдімекеніндегі «Алаш» этноауылына бастап барды. Құрметті қонақтарды аудан өнерпаздары «Ақ бантик» әнінің шығу тарихына арналған көрініс ұсынып, ары қарай әнді хормен жалғап қарсы алды. Жеке кәсіпкер Алмас Сыздықбеков ұйымдастырған этноауылда қазақтың өткені мен бүгінінен хабар беретін дүниелер жетерлік. Аталған этноауылда құрметті қонақтар қазақтың салт-дәстүрлерінен, ұлттық спорттық ойындарынан көріністер тамашалап, қолөнер жәрмеңкесін аралап көрді. «Еңсесі биік ақ орда, Еңкеймей кірсем деп едім» деп, Махамбет ақын айтпақшы, мерейтой иесі мен қонақтар он алты қанат ақ боз үйге кіріп жайғасты. Ұлтымыздың дәстүріне сай меймандарға қойдың басы мен сыбағалары тартылды. Дастархан басында ұлттың өткені мен бүгіні, әдебиеті мен өнері, болашағы жөнінде келелі әңгімелер айтылды. Аудан әкімдігі ақын Мұхтар Шахановқа және сол кісімен бірге келген зиялы қауым өкілдеріне естелік ретінде кәде-сыйлар ұсынды. Жергілікті өнерпаздардың орындауында күмбірлеген күйлер тартылып, әуені алты қырдан асатын әсем әндер айтылып, жин
Ұқсас жаңалықтар
Отырарда қала жастары қой жүнін қырқудан сайысты
Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен Отырар ауданындағы «Алаш» этноауылында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық кодты сақтау және жүзеге асыру мақсатында «Ауылдағы бір күнім» жобасы өтті. Қала жастарынан құрылған 5 команда ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту, […]
Отырарда «Алтыбақан» сауық кеші өтті
Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер […]
Ассамблея мүшелері Отырарда болып қайтты
Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында белгіленген «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобасын іске асыру мақсатында этнос өкілдерінің қатысуымен облысымыздың тарихи, қасиетті орындарына этнографиялық экспедиция ұйымдастырылған болатын. Осыған […]
Пікір қалдыру