6-шілде — ел аумағында айрықша мереке! Елордамыз Астананың туған күні! Айтулы датаны шымкенттік шәкірттер ерекше көңіл-күйде атап өтті десек болады. Алдымен қала тұрғындарына мерекелік құттықтау тілектерін жолдады. Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңына орналасқан «Шымкент Плаза» сауда үйінің алдында белсенді топ флэшмоб биін билегенін де айта кеткен абзал.Аталмыш мәдени шараға бір емес, 200-ге жуық оқушы жұмылдырылды. Мерекелік шараға келгендер арнайы дайындалған би-қойылымды тапжылмай тамашалап, жерлестеріміз таңданыстарын жасырған жоқ. Сонымен қатар, орталық саябаққа жиналған шәкірттер Астанаға деген рухани сый-тартуын дайындағанын да айта кету керек.Нақтырақ айтқанда, жас қылқалам шеберлері Бас қаладағы сәулеті мен сәні келіскен ғимараттардың бедер-бейнесін және қазіргі «Ехро-2017» халықаралық көрмесіндегі ұсынылған тың туындыларды көптің алдында тосылмай, 40 мольбертте салып шықты. Мұнан соң, осынау мерекелік іс- шараның соңы оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласып, жастар бар өнерін ортаға салды!
Ұқсас жаңалықтар
Шымкент, Түркістан, Отырарда этноқалашықтар салынады
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент, Түркістан қалалары мен Отырар ауданданында дүниежүзілік талаптарға сай этноқалашықтар бой көтеретін болады. Ондағы мақсат – көне мұраларды сақтап, туристерге өңір тарихын кеңінен насихаттау. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың […]
КОНСТИТУЦИЯ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ
Бүгін Шымкентте Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары ассоциациясының ұйымдастыруымен Конституция күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. «КОНСТИТУЦИЯ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ» атты жиынға отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссия өкілдері, облыстық және қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының […]
Шымкент: Елбасы наградил благодарственным письмом волонтеров
Сегодня, аким Шымкента, председатель городского филиала партии «Nur Otan» Мурат Айтенов, поздравил волонтеров в онлайн режиме и наградил благодарственными письмами наиболее активных волонтеров, участвовавших в республиканской акции «Biz Birgemiz» от имени Первого Президента страны Нурсултана […]
Пікір қалдыру