Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында автобустарды жаңалау, оларды GPS құралдарымен жабдықтау, заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою сынды түрлі бағыттарда жұмыстар атқарылып жатқанын айта кетуіміз керек.Одан соң Оңтүстік Қазақстан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдары саласында атқарылған шаруаларға тоқталған Ролан Ибрагимов Оңтүстік Қазақстан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 20 928,9 шақырымды құрайтынын айта кетті. Сонымен қатар, олар — республикалық маңызы бар 837 шақырым (95% қанағатты), облыстық маңызы бар 4 261,2 шақырым (58,7% қанағатты), аудандық маңызы бар жолдар 1 642,7 шақырым (64,4% қанағатты), елді-мекен көшелері 11 377,1 шақырым (59,9% қанағатты) және Шымкент қаласы көшелері 2 810,9 (41,4% қанағатты).«2017 жылы автомобиль жолдары саласын дамытуда 584 нысан немесе 1 570,9 шқ. жолдар мен көшелер құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылып жатса, 6 айдың қорытындысына сәйкес, бүгінге дейін 2 көпірдің орташа және 1 автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді», — деді басқарма басшысының орынбасары Ролан Ибрагимов.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да 300 елдімекен табиға газбен қамтамасыз етілген
Оңтүстік Қазақстан облысында 844 елдімекеннің 618-і немесе 73,2 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, 2017 жылы ауыз су және су бұру саласында 34 нысанға 4,7 млрд.теңге бөлінген. Мұндай мәліметтер жуырда ОҚО әкімі Жансейіт […]
ОҚО-да оқушылар арасында «Қош келдің, Жаз!» туристік жарысы өтті
Шара Елбасы мақаласында айтылған, «Туған жер» бағдарламасын орындау мақсатында «ЭКСПО-2017» аясында облыстық жас туристер станциясы «Қош келдің, Жаз!» қорытынды үйірмешілердің туристік жарысын өткізді. Бұл сайыста жас 144 үйірмеші жыл бойы үйренген техникалық ептіліктерін ортаға салды. […]
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің 372 шақырымынан астамы ОҚО аумағынан өтеді
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының бас инженері Мыңжасаров Нұрболдың айтуынша, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің облыс арқылы өтетін бөлігінің ұзындығы 372,5 шақырымды құрайды екен. Маман бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен бапсаөз брифингінде […]
Пікір қалдыру