Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары «Құрбан айт» мерекесіне орай Астана қаласындағы 200 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мен 3 арнайы әлеуметтік көмек көрсету мекемесіне тегін қауын-қарбыз таратты. Ондағы мақсат – халықтың әл-жуаз тобына қолдау көрсетіп, оңтүстіктің жерінде өскен тәттілігі тіл үйірер қауын — қарбыздан дәм татқызу екенін айта кеткен жөн. Оның үстіне қашанда қазақы салтын берік ұстанатын түстік жұрты қашанда жетімі мен жесірін жылатпауға тырысады. Тіпті, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қол ұшын беруді де парыз санайды. Сонымен қатар, тізімді диқандарға Астана қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі беріпті. Осылайша шаруалар оңтүстікқазақстандықтардың дархандығы мен еңбекқорлығын көрсетіп, исі мұсылмандар үшін ұлық мерекенің қадір, қасиетін арттыра түсті.Айта кетейік, Астана қаласында 2-3 қыркүйек күндері «ЭКСПО — 2017» халықаралық көрмесіне арналған Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. «Қазақстан» спорт алаңшасында өтетін жәрмеңкеге құны 265 млн. теңге болатын 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстары әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастықты арттырмақ
Оңтүстікке Ақмола облысының әкімі Мәлік Мурзалин бастаған көкшетаулық делегация мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі екі жақты ынтымақтастықты арттыру жөнінде келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Ақмола облысы әкімдіктері арасында өзара ынтымақтастық туралы […]
ОҚО-да «Жасыл ел» жазғы лагерінде 424 жас еңбек етіп жүр
Бүгінде «Жасыл ел» жазғы еңбек лагеріне қатысушы жастарға арнайы киім футболка, бейсболка, жазғы шалбар мен күртеше және аяқ киім беріледі екен. Сонымен қатар, облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова, жазғы студенттік құрылыс отрядтары бойынша аудан, […]
ОҚО-да «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының кеңейтілген отырысы өтті
Оңтүсті қазақстан облысында Тимур Құлыбаев тың қатысуымен Кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Кездесуге облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, аймақтық кеңес мүшелері, әулетті мекеме жетекшілері, бизнес-қауымдастықтар, банктер және […]
Пікір қалдыру