Оңтүстік Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Бағдарлама орындала бастағалы бері жалпы сомасы 39,9 млрд теңге бөлініп, 1 322 жобаға қолдау көрсетілді. Нақты айтқанда, субсидиялау бойынша 676 келісімге қол қойылып, 158 жобаға кепілдік көрсетілді. Ал 96 кәсіпкерге мемлекеттік грант бөлініп, шағын несие бойынша 312 жоба қаржыландырылды. Инфрақұрылымдық қолдау бойынша тоғыз индустриалды аймақ пен сауда-логистикалық орталыққа, шағын және орта бизнестің 70 жобасына инфрақұрылым жүйесі тартылды.Оның ішінде өткен жылы 4 885,3 млн теңге бөлініп, 442 жобаға қолдау көрсетілді. Осылайша, өңірдегі кәсіпкерлік саласы дамып, қанатын кеңге жайып келеді. Сондай-ақ, аймақта шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау үшін «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының жұмысы да күшейтілді. Айта кетейік, ағымдағы жылдың сегіз айында өңірде шағын және орта бизнестің 213 564 субъектісі тіркелген. Олардың ішінде 176 586-сы жұмыс істеп тұр және осы тұрғыдан алғанда өткен жылғы көрсеткіштен 105 пайызға артық. Осылайша, Оңтүстіктің республика бойынша үлесі 15,2 пайызды құрап, бірінші орынды иеленді.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да 10 елдің ортопед, травматолог мамандарының қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өтті
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазіргі кезеңдегі травматология және ортопедияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция жұмысына облыс әкімі Ж.Түймебаев, АҚШ, Германия, Ресей, Польша, Қырғызстан, Өзбекстан, Сербия сынды он мемлекеттен 14 ғалымдар мен үш […]
Жетісайлық жастардың жұмысы жанданып келеді
Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Балмаржан Нарбекова және облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Береке Дүйсебеков іс-сапармен Мақтарал ауданына барды. Аудан әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында ауданның жастарымен кездесіп, аудандық «Жастар […]
ОҚО-да биыл 17 мың педагог біліктілігін арттырған
Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылы 17 мың педагог біліктілігін арттырды. Сондай-ақ, аудандарда мобильді топтар құрылып, облыстың алдыңғы қатарлы мұғалімдері әріптестеріне он-лайн режимінде сабақ өткізіп, озық тәжірибелерімен бөлісуде. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте […]
Пікір қалдыру