Шардара ауданындағы үдемелі индустриалды – инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған кәсіпорын жылына 600 тонна балық өндіреді. Қазір өндіріс орнында 30 адам жұмыспен қамтылған. «Саодат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шағалалы аймақта балық өңдеумен айналысатын төртінші кәсіпорын. Өндіріс орнын ашу үшін кәсіпкер әуелі 58 млн. теңге қаржы шығындады. Істі ілгерілету үшін мемлекет қолдауына да иек артты.Сөйтіп, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялар орталығы арқылы 42 млн. теңге несие алды. Бүгінде балық өңдеу зауытына Арал, Көксарай мен еліміздің батыс аймақтарынан да тонналап шикізат жеткізіледі. Одан мұндағы мамандар филе, мұздатылған және ысталған балықтың түр-түрін өндіреді. Зауыт жұмысының ерекшелігі сол, қалдықсыз технологияны басшылыққа алған. Өнімі сапалы Шардара балығының 70 пайызы Еуропа елдеріне экспортталуда. Кәсіпорын алдағы уақытта балықты өздері өсірмек. Айту керек, Шардарадағы бұған дейін ашылған «Хамит», «Шардара балық-1» және кәсіпкер Талғат Жалғасбаевтың балық өңдеу зауыттары былтыр 4 мың тоннаға жуық 3 млрд. 2 млн. теңгенің балығын өңдеген. Ал, «Саодат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ашылуымен биыл бұл меже тағы 30 пайызға артатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Шардаралықтар ҚР Парламенті сенатының депутаты Әли Бектаевпен кездесті
Сәрсенбінің сәтінде Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев Шардараға келіп, тұрғындармен кездесу өткізді. Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар еткен халық қалаулысы 2016 жылдың 1 қыркүйегінен 2017 жылдың 30 маусымына дейінгі аралықта депутаттар 84 заң қабылдағанын […]
Шардарада «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 30 жас жұмысқа тартылған
2005 жылы Қазақстан Республикасында Елбасының бастамасымен «Жасыл ел» бағдарламасы кең қанат жайды. Бұл жоба республиканың жас азаматтарының тек қана елдің көгалдануына ғана емес, оған қоса, біздің ортақ шаңырағымыз — Қазақстанның өркендеуіне жауапты жаңа буынын тәрбиелеуді […]
Шардаралықтар шарапатты тірліктен бастады
Шымкент қаласында Шардара ауданының «Туған жер – алтын бесігім!» атты облыстық фестивалі басталды. Ораза айтының бірінші күніне тура келгендіктен шардаралықтар іс-шараны қайырымдылық шарасынан бастағанды жөн көрді. Таң азанымен Шымкент қалалық Абдулхамит Қаттани мешітінде айт намазы […]
Пікір қалдыру