Елбасының Қазақстан халқына жолдауындағы негізгі бағыттардың бірі инвестиция тарту болатын. Бұл бағытта Оңтүстік Қазақстан облысында едәуір жұмыс атқарылып, өңірге тартылған инвестиция көлемі күрт өсті. Нақты айтқанда, 2017 жылдың бойында облысқа 266 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл 2016 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 22%-ға көп. Оңтүстік Қазақстан облысы инвестиция жұмылдыру бойынша республикамызда 1-орында келеді. Жыл басынан бері шетел инвесторларымен 60-қа жуық іскерлік кездесу ұйымдастырылды. Нәтижесінде Біріккен Араб Әмірлігімен медициналық бұйымдар және дәрілік заттар шығаратын зауыт салу, Ресеймен Евро-5 стандартына сай жанар-жағармай өндіретін мұнай өңдеу зауытының құрылысы, Қытаймен биоэталон және фосфор тыңайтқыштарын шығаратын зауыттардың, күн электр станцияларының құрылысын жүргізу жөнінде келісімдер жасалды. Халықаралық шетел және еліміздің тәуелсіз сарапшыларымен жүргізілген сауалнаманың қорытындысымен біздің облыс өңірлер арасында инвестиция тартуға тиімді, әрі қолайлы болып табылды. Шетелдік инвесторларды тарту, инвесторларға облыстың инвестициялық әлеуеті мен мемлекеттік қолдау шараларымен таныстыру мақсатында 2017 жылдың ақпан айында облыста Қазақ-Түрік инвестициялық форум өткізілді. Аталған форумға 500-ге жуық адам қатысты. Нәтижесінде, ынтымақтастық жөніндегі 5 меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстары және Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы М.Иштван және Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі А.Баранидың облысқа жасаған ресми сапары кезінде Шымкент қаласында Венгрияның консулдығы ашылып, құрметті консул тағайындалды.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да «Ордабасы» қой тұқымының саны 125 мыңға жеткізілмек
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен етті-майлы ордабасы тұқымын өсірудің және қозы етін өндірудің озық технологияларына арналған баспасөз-конференциясында «Оңтүстік Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Бас директорының мал шаруашылығы бойынша орынбасары Нұрадин […]
ОҚО-да халықтың көші-қон ағынын ұстау үшін «контрмагнитті» елді мекендер құрылмақ
Еліміздің оңтүстігіндегі Шымкент агломерациясы аумағында 2020 жылдың соңына қарай халыққа қажетті әлеуметтік нысандардың санын анағұрлымға арттыру көзделіп жатыр. Нақтырақ айтқанда, мектепке дейінгі ұйымдарды 35 пайызға жеткізу, ал білім беретін мектептердің санын 17 пайызға ұлғайту жоспарланып […]
ОҚО-да Қытайлық кәсіпкерлер салатын екі зауыттың құрылысы биыл басталмақ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесуге қытайлық делегацияны бастап келген Сианжун Цао мырза негізгі екі бағытта зауыт құрылысын бастауға мүдделі екендіктерін жеткізді. Осы ретте шетелдік инвесторларды оңтүстік өңіріне арнайы шақыртқан елімізге белгілі кәсіпкер Серікжан […]
Пікір қалдыру