Оңтүстік Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасымен көпқабатты 364 тұрғын үй салынуда. Бүгін бұл туралы селекторлық мәсіжілісте облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті. Басқарма басшысының айтуынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы негізгі 5 бағытта жүзеге асырылып жатыр. Оның алғашқысы – ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру жобасымен 96 тұрғын үйдің құрылыс басталған. Ал жеке құрылыс салушылар есебінен 107 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесі арқылы 73 кередиттік тұрғын үй салынуда. Бұдан бөлек, жалға берілетін тұрғын үй қоры құрылып, 88 жеке тұрғын үйдің құрылысы қолға алынатын болады. Осының нәтижесінде өңірде сатылатын пәтерлер саны көбейіп, ипотекалық кредит алушылар саны арта түспек. «2017 жылы облыста 16 жеке салушылар есебінен 107 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы 11 үйдің құрылысын аяқтап пайдалануға тапсыру жоспарланса, 96 үйдің құрылысы 2018 жылға өтпелі. Жеке құрылыс салушыларды ынталандыру мақсатында жалпы құны 17,5 млрд. теңгені құрайтын 7 жобаны іске асыру үшін құжаттар әзірленіп, тиісті жұмыстар атқарылуда», — дейді Құттыбек Жамашеев.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да биыл 200 мыңнан астам жерге бидай егілген
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 218 мың гектар бидай егілген. Одан 401 мың тонна астық жиналмақ. Мәселен, бір ғана Қазығұрт ауданында 38 мың гектар алқапқа арпа-бидай егіліпті. Диқандар гектарына 25,4 центнерден өнім жинады.«Өкінішке орай, облысымызда […]
Жыл жемісі: ОҚО-да биыл 87 елді мекеннің электр жүйлері жаңғыртылды
Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында жаңартылатын — күн, жел, су энергиясын пайдаланатын жобалар кезең-кезеңімен іске асырыла бастады. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен биыл Сайрам және Қазығұрт аудандарында екі шағын су электр станциясы мен Шымкент қаласында […]
ОҚО-да «Қазтрансойл» АҚ-ның «Павлодар-Шымкент» мұнай құбырынан шикізат тонауымен айналысқан 12 адам ұсталды
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР ҰҚК Департаменті және Прокуратурасының бірлескен жедел-тергеу тобымен «Қазтрансойл» АҚ-ның «Павлодар-Шымкент» мұнай құбырынан шикізат тонауымен айналысқан 12 адамнан тұратын қылмыстық тобының құқыққа қайшы әрекеттерінің жолы кесілді.Ұрлау ОҚО-ның бірқатар аудандарында мұнай құбырын […]
Пікір қалдыру