2017 жылдың 13 қазан күні, «Рухани келісім – Қазақстан қоғамы тұрақтылығының іргетасы» атты форумы өткізілді. Форумды Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.Алғаш сөз кезегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші проректоры т.ғ.д. Айменов Жамбыл Талхаұлы форумды ашып берді. Сонымен қатар Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ассамблея хатшылығының меңгерушісі — М.О. Қалмұратов, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, облыстық мәслихаттың депутаты, «Ел бірлігі» депутаттық тобының жетекшісі — Ә.Ү.Досболов, Мемлекет және қоғам қайраткері — Ш.М. Мырзахметов, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының өкіл имамы, облыстың бас имамы — А.П.Керімбек сөз алып, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор, Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлының «Алғыс хатымен», Облыс әкімінің арнайы грамотасымен, Облыстық мәслихаттың арнайы грамотасымен марапаттап, концерттік бағдарламалар орын алды.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 95 түлекке ЖОО-да тегін білім алуға жолдама берілді
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп бітіруші 95 түлекке жоғары оқу орындарында тегін білім алу үшін жолдама берілді. Мектеп шәкірттерінің үлкен өмірге қадам басқалы отырған қуаныштарымен бөліскен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев […]
ОҚО-ғы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің қорында 16 мыңнан аса жәдігерлер мен құжаттар бар
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласында орналасқан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің жұмысымен танысты. Онда әкім музей экспонаттарын аралап көріп, кітап көрмесін тамашалады және «Тағзым» залындағы 2500 репрессия құрбандарына тағзым етті.Музей қызметкерлерімен […]
ОҚО-дағы тұрақтандыру қоры азық-түлік бағасының қымбаттауына жол бермеу керек
Оңтүстікте қыс айларында азық-түлік бағаларының қымбаттауына жол бермеу керек. Бұл үшін тұрақтандыру қоры тиісті шараларды атқарып, халық көп тұтынатын өнімдердің қорын жеткілікті көлемде дайындап, бағаның өзгермеуіне ықпал етуі тиіс. Бұл туралы Шымкент қаласындағы көлік-логистикалық орталығында […]
Пікір қалдыру