Қаламыздағы А. С. Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында белгілі Абай танушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам және мемлекет қайраткері ОҚО-ның құрметті азаматы, М. Әуезов атындағы Гуманитарлық ғылыми ғылыми зерттеу институтының директоры Мекемтас Мырзахметұлымен сұхбат кеші өтті. Кездесу барысында белгілі ғалым Абай мұрасын қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы ретінде негізге ала отырып сөз қозғады. Сондай-ақ ұлы ақынның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты, ал даналығы қазіргі заманмен үндес екендігін етене жеткізді. Сондай-ақ Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына кеңінен тоқталып, жаһандану жағдайында ұлттық жэңғыру үдерісін тарихи-мәдени, ғылыми, танымдық, тәрбиелік тұрғыда жүзеге асыру керектігіне кеңінен тоқталды. Өңірімізге белгілі зиялы қауым өкілдері мен студент жастары қатысқан жиында Абай атамыздың өлеңдері оқылып, қара сөздері айтылды. Сондай-ақ жастар Мекемтас Мырзахметұлына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Осылайша мәнді де мағналы кеш өз деңгейінде өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Астаналық студенттер Отырарға келіп тарихи жерлерді аралады
Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің белсенді студенттері Отырар ауданында болып, тарихи жерлермен танысты. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Менің елім» тарихи өлке танымдық жобасы бойынша «Қазыналы Оңтүстік» сапарын Түркістан қаласынан бастаған […]
ШЫМКЕНТ: Мәслихат депутаты Н.Бұхарбай көп балалы аналармен кездесті
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Нұрғазы Бұхарбай №29 мектепте көпбалалы аналармен кездесіп, мұң-мұқтажын тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Халық қалаулысы сайлаушыларға 2019 жылы атқарған жұмыстар бойынша өткен есептік кездесуге 90-ға жуық ана келді. Кездесу барысында Елбасының […]
ТҮРКІСТАН: ЕЛБАСЫНЫҢ СЫНЫПТАСЫ ЖЕТІСАЙ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Тұңғыш Президентіміз Елбасы — Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы жерлесіміз, ауданның құрметті азаматы Роза Төлемісова аудан жұртшылығымен кездесті. Кездесу кешке аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Тойым […]
Пікір қалдыру