«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөзді ұран еткен төлебиліктер күзгі көшеттерін екті. Ағаш отырғызу адам өміріндегі ең маңызды істердің бірі деген аудан тұрғындары игі іске жұмыла кіріскен. Ауыл-аймақты көріктендендіруді жолға қойған Төлеби ауданында ауыз толтырып айтарлық істер көп-ақ. Осындай сауабы мол іске бастамашы болып жүрген ауылдық округ әкімдіктері, «Туған жер» бағдарламасы аясы шеңберінде түрлі көшеттер отырғызды. Атап айтсақ, 5950 түп – өрік көшетін, 500 түп – арша және 16 мың түп – қарағаш көшеттерін әкеліп, екті. Қайырлы іске аудан тұрғындары да бір кісідей ат салысқан екен. Айта кетейік, қарағаш көшеттері ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты Қазығұрт ауданындағы «Жасыл желек» тұқымбағынан әкелінген. «Адамдардың ең жақсысы басқаларға пайдасы тигені» деген жақсы сөз бар қазақ халқында. Ағаш жемісімен, жапырақтарымен, көлеңкесімен және отынымен бізге пайдалы. Ойлап қарасақ, білім алатын бүкіл кітаптар, қағаздар, үйіміздің есігі, терезесі, үстелдер және тақталар, тағы да басқа көптеген заттар ағаштан жасалады. Осы ағаштардан жасалған дүниені қалай пайдалансақ, келешек ұрпағымыз үшін әрбір ағашты солай қорғауға тиіспіз», — дейді тұрғындар.
Ұқсас жаңалықтар
Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков, Леңгір қаласындағы бірнеше нысанды аралап көрді
Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков қала әкімі Болат Әділбековпен бірге Леңгір қаласында орналасқан нысандармен танысты. Алдымен, аудан әкімі «Алатау» мөлтек ауданына тас төсеу жұмыстарымен танысудан бастады. Ары қарай жұмыс сапарын ұн, кебек, бидай қалдығын өндіретін «Ақ […]
Төлеби ауданында шағын кәсіпкерлік қанат жайып келеді
Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков аудандағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарында болып, олардың басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Күнгей.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. Алдымен, аудан әкімі «Ленгер машина жасау зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, жұмыстарымен танысты. Биыл зауытта жиһаз (үстел, орындықтар) және […]
Төлебидің әкімі азаматтарды қабылдады
29 қазан күні аудан әкімі Бауыржан Омарбеков кезекті рет азаматтарды жеке мәселері бойынша қабылдады. Жеке қабылдау барысында Төлебиліктер жер қатынастарын реттеу, тұрғын үй кезегі, газ, отбасылық жағдайлары мен әлеуметтік мәселелері туралы, сондай ақ, заңсыз кәсіпкерлікпен […]
Пікір қалдыру