Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы 11-сыныпты бітірген 33 мың мектеп бітірушінің орнына 73 мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа қабылданған. Нәтижесінде өңірде оқушы орнына деген тапшылық байқалып жатқанын айта кеткен жөн. Яғни, шәкірттердің күрт өсуі өңірдегі мектеп тапшылығын туындатары анық. Аталған мәселені шешу мақсатында 2017 жылы облыс көлеміндегі 79 білім нысанының құрылысына 31,9 млрд. теңге бағытталып, биыл 31 нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Бүгін бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов мәлім етті. «Олардың 991-і жекеменшік, ал бұл жалпы мектепке дейінгі ұйымдардың 58 пайызын құрайды. 2017 жылы жалпы 8805 орынға 108 мектепке дейінгі ұйымдар іске қосылды. Сондай-ақ, 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту биыл 82,5 пайызға дейін өсті. Жыл соңына дейін қосымша 7 815 орынға лайықталған 45 мектепке дейінгі ұйымдар ашылып, балдарды қамту 85,5 пайызды құрайтын болады», -деді Исатай Өмірзақұлы.
Ұқсас жаңалықтар
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Оңтүстік Қазақстанға жұмыс сапарымен келді
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин ОҚО-ға сапары барысында делегация мүшелері «Оңтүстік» көліктік-логистикалық орталығының жұмысымен танысты. Қазақстанның еуразиялық көлік-логистикалық хабына айналуы бойынша мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылған «Оңтүстік» көлік-логистикалық орталықтың аумағы 92 гектарды құрайды. Қазіргі […]
ОҚО әкімі жарты ғасырлық мектеп тарихымен танысты
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жарты ғасырдан астам тарихы бар, үш тілде оқытатын мамандандырылған Шымкент қаласындағы №12 мектеп-интернатында болды. Онда әкім кеңес дәуірінің Социалистік еңбек ері, мектептің алғашқы директоры Маржан Тасованың ескерткішіне гүл […]
ОҚО-да 30 мыңға жуық түйе бар
Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәлiметiнше, бiздiң өңiрдегi түйе саны 27 мыңды құраса, соның 9000-нан астамы Созақ ауданында. Негiзiнен Созақта еттi, ал, Отырарда сүттi түйелер өсiрiледi екен. сурет Elarna.kz сайтынан алынды Оңтүстiк-Батыс мал және […]
Пікір қалдыру