Биыл облыстағы білім нысандарына 31,9 млрд. теңге бөлінді. Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы 11-сыныпты бітірген 33 мың мектеп бітірушінің орнына 73 мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа қабылданған. Нәтижесінде өңірде оқушы орнына деген тапшылық байқалуда. Аталған мәселені шешу мақсатында 2017 жылы облыс көлеміндегі 79 білім нысанының құрылысына 31,9 млрд. теңге бағытталып, биыл 31 нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Бұл туралы блыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов мәлім етті. Басқарма басшысының айтуынша, 2017-2018 оқу жылында облыстағы 1038 мектепте 634 мыңға жуық оқушы білім алуда. Сондай-ақ, биылғы оқу жылында 992 мектеп жұмысы бес күндік оқу аптасына көшірілген. Оның ішінде жаңартылған білім беру жүйесіне көшкен 1, 2, 5 және 7-сыныптағы 300 мыңға жуық оқушы білім алады. Ал мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға келсек, ағымдағы жылдың 1 қарашадағы есебі бойынша облыста 1-6 жастағы 183 280 баланы қамтитын 1700-ден астам мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді.
Ұқсас жаңалықтар
САТЫБАЛДЫ СПОРТҚА «САЛАҚ» БОЛЫП ТҰР
Түркістандық әлеуметтік желі белсендісі Олжас Мамыр, жыл басынан бері облыстың спорт саласындағы мәселелерді май шаммен қарап, былықтарын бүкпесіз жаза бастады. Бұ жолы Олжастың құрығына «Тұран» футбол клубына бөлінген миллиардтар «ілініпті». Былтыр футболдан бірінші лигада өнер […]
Мұғалімдер тәжірибе алмаспақ
Білім. Ғылым. Инновация. Осы үштік үстемдікке бағыт алған кезеңде білім бесіктері заманауи оқу үрдістерден сырт қалмауы тиіс. Осы тарапта бүгінде ауқымды шаруалар атқарылуда. Өңіріміздегі Назарбаев зияткерлік мектептері бүгінде тереңдетіп білім беруде жоғары жетістікке жетіп жүр. […]
ОҚО-да бес жүзден астам бала ҰБТ–дан 100 балдан жоғары жинады
20 маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеуден 4266 бітіруші тест тапсырған болатын. Нәтежиесі жаман емес, облыстың орташа көрсеткіші – 72,3 балды көрсетті. Жалпы кеше 514 бала 100 балдан жоғары көрсеткішке қол жеткізсе, ең […]
Пікір қалдыру