Білім. Ғылым. Инновация. Осы үштік үстемдікке бағыт алған кезеңде білім бесіктері заманауи оқу үрдістерден сырт қалмауы тиіс. Осы тарапта бүгінде ауқымды шаруалар атқарылуда. Өңіріміздегі Назарбаев зияткерлік мектептері бүгінде тереңдетіп білім беруде жоғары жетістікке жетіп жүр. Сондықтан да айтулы мектепте білім алғысы келетіндердің қатары қалың. Облыстағы барлық білім ошақтарын осы мектептің деңгейіне жеткізу мүмкін болмас. Дегенмен мақтаулы білім бесігінің тәжірибесін енгізуге мүмкіндік мол. Осы орайда күні кеше облыс әкімдігі мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы арасында 2017-2019 жылдарға арналған өзара ынтымақтастық орнату жөнінде меморандумға қол қойылды. Осы меморандум негізінде өңіріміздегі мектеп мұғалімдері «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» озық педагогикалық тәжірибелерін меңгеретін болады. Сонымен қатар инновациялық білім берудің сапасын арттыру да басты мақсат болып табылады. Жиын барысында облыстың түкпір түкпірінен жиналған ұстаздар қауымы бүгінгі білім беру саласындағы жаңашылдықтар, енгізіліп жатқан жаңартылған білім берудің мазмұны сарынында ой пікірлерін талқы таразысына салды. Түркістан қаласындағы №15 мектеп-гимназиясының директоры Тамара Пірімжанова аталған мектепте инновациялық оқыту әдістерін енгізу тақырыбында пилоттық тәжірибесімен бөлісті. Алдағы уақытта аталған меморандумның нәтижесі мол болады деген үміт басым.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да бір жарым мыңға жуық оқушы «Алтын белгіден» үмітті
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде селекторлық мәжіліс өтті. Облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы жетекшілік еткен жиын барысында баяндама жасаған облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Раушан Ергашованың айтуынша, облысымыздағы 1429 түлек «Алтын белгі» белгісіне, 852 бітіруші үздік […]
БЖЗҚ мен ОҚО әкімдігі арасында Меморандумға қол қойылды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқарма төрағасы Нұрбибі Наурызбаевамен кездесті.Басқосуда қос тарап өзара ынтымақтастық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған екі жақты әрекеттестік мүмкіндіктер жайын әңгімеледі. Мұнымен қоса, басқосуда […]
Шымкент «DARYN ONLINE» «BILIMLAND KZ» интернет платформаларын пайдалануда тағы да алға шықты
Шымкент қаласы «DARYN ONLINE» «BILIMLAND KZ» интернет платформаларын пайдалануда тағы да бірінші орынға көтерілді. Бүгінгі таңда мектептер төртінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында байқап, түбегейлі меңгеріп алды . Оның айғағы 6-сәуірден басталған қашықтықтан оқыту мен […]
Пікір қалдыру