Отырар ауданында, аудан әкімінің міндетін атқарушы Рыскелді Әліштің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтіп, онда екі мәселе қаралды. Жиында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ержан Оралбай «Бизнестің жол картасы-2020» және «Үдемелі индустриялды инновациялық даму» бағдарламаларының орындалу барысы туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, бөлім басшысының айтуынша 2017 жылдың есепті мерзімінде негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 7 млрд. 974млн. 700 мың теңгені құрады. Оның ішінде жеке тартылған инвестиция көлемі 2 есе артығымен орындалғанын айта кету керек. Мұнан бөлек ауданда инвестициялық ахуалды дамыту мақсатында «Dala Solar» күн сәулесінен электр энергиясын өндіру жобасы қолға алынып жатыр. Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының Отырар ауданы бойынша орындалуы бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қалдира Кизбай баяндама жасап, 2017 жылдың 10 айында атқарған жұмыстарға тоқталды.
Ұқсас жаңалықтар
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ — БОЛАШАҚҚА СЕНІМДІ ҚАДАМ
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық бастамалары халықты әлеуметтік тұрғыдан қолдауға бағытталған. Ұлт Көшбасшысының биылғы қазан айында жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатынның өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының орны бөлек. Нақтырақ айтқанда, Жолдауда адам […]
Отырарда туристік кластерді дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде
Қоғамдық кеңестің кезекті көшпелі отырысы аудан орталығына шалғай орналасқан Аққұм, Көксарай, Маяқұм, Балтакөл ауыл округі әкімдерінің 2018 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы есептерін тыңдауға арналды. Аталған ауылдық округтердің жұмыс қарқынында […]
Шілікте де жәрменке өтті
Бүгін ҚР тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Ақтөбе және Шілік ауыл округтері тұрғындарына арналған жәрмеңке өтті. Күннің көзі жылт еткен Көктемнің алғашқы күнінен қимылдаған диқан қауымы күзге қарай алты айғы еңбектерінің жемістерін көруде. «Баптай білсең – […]
Пікір қалдыру