Отырарда 10 айда 2334 дам жұмыспен қамтылған

Отырар ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының Отырар ауданы бойынша орындалуы бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қалдира Кизбай баяндап, 2017 жылдың 10 айында атқарған жұмыстарға кеңінен баяндап, саладғаы мәселелерге тоқталды. Нақтырақ айтар болсақ, бүгінгі таңда Отырар ауданы бойынша халықты жұмыспен қамтамасыз етудің 2017 жылға кешенді жоспары 2334 адам болса, соңғы он айдың өзінде бұл жоспар артығымен орындалып, 2434 адам жұмыспен қамтылып отырғанын айта кеткен жөн. Мұнан бөлек ауданда мүгедек жандарды да жұмысқа тартып, тұрақты жұмыс орнымен қамту көзделген. Осы орайда, мүмкіндігі шектеулі жандар бойынша 78 адам жұмысқа тартылса, 214 адам әлеуметтік жұмыспен қамтылып отыр. Жалпы айтқанда бүгінгі жиынды қорытындылаған Рыскелді Салхутдинұлы тиісті сала және мекеме басшыларына айтылған мәселелер бойынша жұмыстарды одан әрі ширатуды тапсырып, жыл қорытындысымен жақсы нәтижелерді күтетінін жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*