ОТЫРАРЛЫҚ ШАРУАЛАР ЖАҢА ЖОБАМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ НИЕТТІ

«Ырыс» микроқаржы ұйымы Түркістан облысында жаңадан «Ырыс-өркендеу» бағдарламасын іске қосты. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба бойынша енді ұйым шаруаларға аванстық төлемсіз қаржылық лизинг түрінде қолдау көрсетеді. Бұл туралы бүгін «ОNTUSTIK» аймақтық инвестициялық орталығы» басқармасы төрағасының орынбасары Темур Абильдинов отырарлық шаруалармен өткен кездесуде сөз етті.
Аудан әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен өткен жиында ауылшаруашылығы техникалары мен жабдықтарын лизингке қаржыландырудың бағыттары мен шарттары түсіндірілді.
Жиында «Ырыс» микроқаржы ұйымы директорының орынбасары Ерлан Ержанов аталған бағдарламаның ерекшелігі және артықшылығы туралы баяндады. Ол өз сөзінде: «Ауылшаруашылығына арналған жаңа техникаларды 9 пайызбен 84 айға, яғни, 7 жылға 10 млн теңгеге дейін кепіл мүліксіз лизингке алуға мүмкіндік туып отыр. Осы бағдарлама бойынша кәсіпкерлер ауылшаруашылығы мақсатындағы және ауылшаруашылығы техникаларына қажетті жабдықтарды сатып ала алады. Мұнда алдын-ала төлем ретінде 25 пайыз инвестициялық субсидия төленеді. Лизингке Түркістан облысында кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар, шаруа қожалықтар, жеке кәсіпкерлер және ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтері қол жеткізе алады»,-деді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*