Шымкент қаласында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың қатысуымен жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша тиісті мекемелердің дайындық барысы талқыланды. Жиында сөз алған вице-министр, зейнетақыны тағайындау жүйесі өзгеріп, тиісті әлеуметтік көмектердің көлемі ұлғаятынын жеткізді.«2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы жүйеге қатысу өтіліне қарай беріледі. Егер бұл сома қазір 14 мың теңгені көрсетсе, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнеткерлердің аталған тобы ынтымақты және жинақтаушы зейнетақыға қоса 28 мың теңгені иемденетін болады. Ал 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап аз қамтылған отбасылар сомасы көбейген жәрдемақы алады деп жоспарлануда. Аталған жәрдемақы жұмыс істемейтін еңбекке жарамды отбасы мүшелерінің мемлекет ұсынған жұмыспен қамту шараларына қатысқанда ғана төленетін болады», — деді Светлана Жақыпова.
Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр зейнетақы және жәрдемақы саласындағы жаңа өзгерістер жайлы өңір халқына түсіндіру жұмыстарын сала басшыларына күшейтуді тапсырды.
Пікір қалдыру