Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов, түрлі салада қызмет ететін ауданның белсенді жастарымен кездесіп, пікір алмасты. Бұл жүздесу еркін сұхбат түрінде өтіп, жастарға ерекше серпін берді деп айтуға болады. Өйткені, кездесу барысында аудан басшысы өзінің жастық шағынан естеліктер айтып, тəуелсіз мемлекетіміздің даму тарихынан сыр шертіп өтті. Сонымен қатар, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап беріп, жоспарларымен бөлісті.Қазақ күресінен əлем чемпионы Əділжан Ыстыбаев, Төрткүл ауылынан жас кəсіпкер Арыстан Омар, мәдениет саласының жас қызметкері Берік Бейсенбай спорт пен мəдениет саласын дамыту бойынша бірқатар ұсыныстарын жеткізіп, бүгінгідей жылы жүздесу жалғасын тапса деген тілектерін айтып өтті. Өз кезегінде Рашид Үсіпханұлы ауданның дамуында əр жастың қосар үлесі маңызды екеніне ерекше тоқталып өтті. Сонымен қатар, жастарды өскелең ұрпаққа үлгі болуға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстіктің полиглот жастары «ЭКСПО»-дан оралды
Таяуда ғана Оңтүстік Қазкақстан облысынан елордасы – Астанаға 100-ден астам ерікті «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне аттанған болатын. Олар көрмеге келуші қонақтарға бір айдан астам уақыт бойы қызмет көрсетіп, Оңтүстікке қайта оралды.Айта кету керек, жас полиглоттар […]
ОҚО жастары үшін «Робототехника» үйірмесі ашылды
Оңтүстік жастары үшін енді робототехника әлемін зерттеу қолжетімді болмақ. Елордамыз Астана қаласында өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Robo Park» оқу орталығының ұйымдастыруымен жастарға арналған «Робототехника» […]
ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІ ДИКТАНТ ЖАЗДЫ
Достық үйі — қоғамдық келісім орталығында Халықаралық сауаттылық күніне арналған диктант өтті. Оған Достық үйінің қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және ШҚО «Ассамблея жастары» жастар қозғалысының белсенділері қатысты. Барлық ниет білдірушілер сауаттылық деңгейін тексеріп, уақытты тиімді […]
Пікір қалдыру