Арыста «Мейірімділік сөресі» атты акция өтті

Қайырымдылық – адам баласы бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адами қасиеттердің қадірлісі қайырымдылық болса, ал оны жасау қамқорлыққа зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, үлесін қосу адамның азаматтық парызы. Әрине, қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж, көңілі жарым жандарға қол ұшын беру жомарттықтың белгісі және ондай іс тек жомарт жандардың қолынан келері анық. Қашан да алған қолдан, берген қол қайырлы. Осы мақсатта, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Атамекен» бағдарламасы аясында Жиделі ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен жаны жомарт азаматтардың қатысуымен «Мейірімділік сөресі» атты акциясы өтті. Жақсы іске жанашыр ізгі ниетті, ақ тілеулі ел ағалары әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж жандарға көмір, отын, қыс айларына жететін, ет, күріш, ұн, макарон, қант, картоп, сәбіз, пияз, тұрмысқа қажетті заттарды молынан үлестіріп, Жиделі және Аққала елдімекендеріндегі дүкендерге «Мейірімділік сөресін» орнатты. Шараны ұйымдастырушылар әрбір дүкеннен зат алушыларды, қайырымдылық танытып, азық-түлік, киім-кешек, тағы басқа заттарды «Мейірімділік сөресінде» қалдыру арқылы жақсы іс жасауға шақырды. Халық даналығында «Шын мұқтаждың алғысынан асқан артық разылық жоқ» деген нақыл сөзді мақсат еткен кәсіпкерлермен қатар қарапайым ауыл тұрғындары мұқтаж жандарға көмек қолын созуға әрдайым әзір екендігін тағыда дәлелдеді.
Мұндай халық игілігі үшін маңыздылығы айрықша дүкендердегі «Мейірімділік сөрелерінің» қатарлары көбейіп, мұқтаж жандардың әжетін өтеп, «Алғысқа бөленсе» нұр-үстіне нұр болары ақиқат.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*