Таяуда ғана Оңтүстік Қазкақстан облысынан елордасы – Астанаға 100-ден астам ерікті «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне аттанған болатын. Олар көрмеге келуші қонақтарға бір айдан астам уақыт бойы қызмет көрсетіп, Оңтүстікке қайта оралды.Айта кету керек, жас полиглоттар 35 күн бойы айтулы халықаралық шараға қатысып, шетелдік меймандарға көрменің жеке аймақ павильондарын таныстырып, мәртебелі шараға белсене атсалысып қайтты. Сонымен қатар, күнгейлік жас толқынның еңбегін елеген ұйыдастырушылар тарапы үш тілді жетік меңгерген жастарға зор құрметпен алғыс хат тапсырып, арнайы марапаттады.Мұндай қуанышты хабарды облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова мәлімдеп отыр. Оның айтуынша, бұл игі бастама мәдени шараға қатысып қайтқандарды қанаттандырып қана қойған жоқ, тиісінше күнгейлік жастолқынның үш тілді меңгеруге деген құлшынысын арттырғаны ақиқат. Яғни, бұл арқылы Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» мемлекеттік бағдарламасы да жүйелі жүзеге аспақ.
Ұқсас жаңалықтар
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының фото-көрмесі өтті
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының фото-көрмесі өтті. Көрмеге қойылған 25 фото суретте Қ.А.Яссауи және Арыстан баб, Қарашаш ана кесенелері, көне Отырар мен Сауран қалалары, Ақмешіт үңгірі, «Алаш» этно ауылы, этно-орталық бейнеленген. Экспозицияға күнгейдің тамаша […]
Мәжіліске оңтүстіктен сайланған депутаттар демалыста өңірдегі сайлаушылармен кездеспек
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірге келген бір топ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті. Елбасының бастамасымен жүзеге асып отырған бағдарламалардың орындалуына қаныққан халық қалаулылары алдағы уақытта Оңтүстік Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы жобаларға барынша өз үлестерін […]
Оңтүстіктің қара шаңырағы М.Әуезов ОҚМУ-дың таңдауы – латын әліпбиі
Бүгінде еліміздегі ең өзекті тақырып, мемлекеттік тіліміздің латын әліпбиіне көшу мәселесі болып отыр. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында латын әліпбиіне көшудің маңызы туралы нақты, әрі ерекше көрсетілген. Осыған байланысты жер-жерде осы тақырып жөнінде қызу […]
Пікір қалдыру