Бүгін Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов Шәуілдір ауылындағы Арыс өзенінің жағалауын қайта құру жұмыстарының барысымен танысты. Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысанды құрылыс және су мамандарымен аралап шыққан аудан басшысы, бұл жоба аудандағы маңызы бар бірден-бір көрікті жобалардың бірі екенін ерекше айтып, құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін тиісті сала басшыларына тапсырды. Айта кеткен жөн, аталмыш жұмыстар бірінші кезекте ағысы қатты Арыс өзені жағалауын жойылып кетуден сақтап, су тасу қаупін азайту мақсатында қолға алынған болса, екінші жағынан маңызы бар жол бойын абаттандыру болып табылады. Өткен жылы Арыс өзенін мұз буған жоқ. Алдағы уақыттарда өзенді мұз буып, өзеннің бұрылысында орналасқан демалыс кешені мен тұрғын үйлерге қауіп төндірген жағдайда өзеннің жоғары жағынан арнасын бұру арқылы қауіпті сейілту жолдарын ойластыра отырып, нақты жоспар жасауды сала мамандарына міндеттеді.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі Шымкенттегі Төлеметов көшесін қайта құру жұмыстарымен танысты
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі Қ.Төлеметов көшесінің қайта құру жұмыстарына куә болды. Құжаттағы атауы — «Кіші айналма жолды қайта құру» (Қалалық қоқыс орнынан Жібек жолы көшесіне дейін ПК 63 – ПК 107) деп […]
Е.Айтаханов Шымкент қалалық ҚХА жұмысын жоғары бағалады
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов, Қазақстан Халқы Ассамблеясы қалалық филиалында этнос өкілдерімен кездесті — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Жиында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов қала басшысына атқарылған жұмыс жөнінде қысқаша есеп беріп […]
Отырарда жылуға жауаптылардың есебі тыңдалды
Отырар ауданының 2017-2018 жылғы жылу беру маусымына дайындық шаралары туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Асылхан Құдайбергенов баяндады. Жылыту маусымына дайындық жұмыстарына әр мекеме басшылары мен ауыл […]
Пікір қалдыру