1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай, Шымкент қаласында жөндеу жұмыстарынан өткен «Металлургшілер» саябағы қайта пайдалануға берілді. Саябақтың ашылу салтанатында Елбасының курстасы Аманəлі Əбдрахманов та сөз сөйлеп, тұрғындар тарапынан ыстық ықыласын білдірді.«Қала орталығындағы «Металлургшілер» саябағы бүгін адам танымастай кейіпке еніп, жаңарып отыр. Осы істі қолға алған облыс әкіміне алғысымызды білдіреміз. Қаламыз жыл санап көркейіп, демалыс орындары мен саябақтар қатары артып келеді. Бұл дегенеміз ұрпақ денсаулығына, аға буын өкілдерінің ғұмырының ұзақ болуына өз септігін тигізетін дүниелер. Алдағы жылдары мұнда шахмат ойнайтын орталық, балаларға арналған ойын-сауық қондырғылары орнатылмақ» — деді Аманəлі Əбдрахманов. Айта кетсек, Шымкент қаласындағы «Металлургшілер» саябағының іргетасы 1957 жылы қаланған. Қалпына келтіру жұмыстарынан соң саялы мекеннің аумағы 3,6 гектардан 5 гектарға дейін ұлғайып отыр. Демалыс аймағында соңғы үлгідегі жарық шамдар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, келушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын субұрқақ та салынған.
Ұқсас жаңалықтар
«Gulliver» — Шымкенттік балаларға мереке сыйлады
Сәуірдің 1-жұлдызында Шымкент қаласындағы «Мега планета» сауда үйінде, «Guliver» сәнді балалар киімі мен аяқ киімін саудалайтын дүкендер нүктесі ашылған болатын. Өткен жексенбіде аталмыш дүкендер желісінің шымшаһардағы өкілдері қаламыздағы дәмханалардың бірінде балаларға арналған «көктем-жаз» киімдер топтамасын […]
ТҰРАН АУДАНЫ: 9 КӨШЕГЕ ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ
Шымкент қаласының жаңа ауданында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тұран ауданындағы 41 көшеге биыл 24 шақырымды құрайтын ирригациялық жұмыстар жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта Қазығұрт, Наурыз, 112 орам аумағындағы 9 көшеге жалпы ұзындығы 5,5 шақырымнан тұратын […]
Шымкентте халықаралық талаптарға сай алғашқы бокс мектебі пайдалануға берілді
Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қаладағы балалар мен жасөспірімдерге арналған ел аумағындағы халықаралық талаптарға сай келетін алғашқы бокс мектебінің ашылу салтанатына қатысты. Енді №5-ші спорт мектебі әлемдік кеңістіктегі спорттық шараларды қабылдау мүмкіндігіне қол жеткізді. Бұған дейін […]
Пікір қалдыру