1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай, Шымкент қаласында жөндеу жұмыстарынан өткен «Металлургшілер» саябағы қайта пайдалануға берілді. Саябақтың ашылу салтанатында Елбасының курстасы Аманəлі Əбдрахманов та сөз сөйлеп, тұрғындар тарапынан ыстық ықыласын білдірді.«Қала орталығындағы «Металлургшілер» саябағы бүгін адам танымастай кейіпке еніп, жаңарып отыр. Осы істі қолға алған облыс әкіміне алғысымызды білдіреміз. Қаламыз жыл санап көркейіп, демалыс орындары мен саябақтар қатары артып келеді. Бұл дегенеміз ұрпақ денсаулығына, аға буын өкілдерінің ғұмырының ұзақ болуына өз септігін тигізетін дүниелер. Алдағы жылдары мұнда шахмат ойнайтын орталық, балаларға арналған ойын-сауық қондырғылары орнатылмақ» — деді Аманəлі Əбдрахманов. Айта кетсек, Шымкент қаласындағы «Металлургшілер» саябағының іргетасы 1957 жылы қаланған. Қалпына келтіру жұмыстарынан соң саялы мекеннің аумағы 3,6 гектардан 5 гектарға дейін ұлғайып отыр. Демалыс аймағында соңғы үлгідегі жарық шамдар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, келушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын субұрқақ та салынған.
Ұқсас жаңалықтар
«1000 ЖҰМЫС ОРНЫ»: ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
«Еңбек күні» мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы «Еңбек мобильділігі» орталығының Абай аудандық «Мансап» орталығында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға қаладағы 10 жұмыс беруші мекеме қатысып, ізденушілерге өндіріс және құрылыс […]
Латын әліпбиінің соңғы нұсқасына қатысты Шымкент жастарының пікірі
Шымкент қаласында белсенді жастардың кездесу жиыны өтті. Жиынның негізгі тақырыбы жақында Елбасына ұсынылған латын әліпбиінің үлгісі. Латын әліпбиінің жаңа жобасына қатысты қазір жастар арасында да қызу талқылау жүріп жатыр. «Латын қаріптерімен жазуды қолға алдым, күнделікті […]
Әбдірахымов Ассамблея сессиясында қазақша сөйлей алмай әбден састы (видео)
Қазақстан Халқы Ассамблеясының Шымкент қаласында өткен 1-сессиясында сөз сөйлеген шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов баяндамадағы «әралуандығын» сөзін айта алмай әбден әбіржіді, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Сессияда сөз сөйлеген қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов миллионды қалада жүзден […]
Пікір қалдыру