«Еңбек күні» мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы «Еңбек мобильділігі» орталығының Абай аудандық «Мансап» орталығында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараға қаладағы 10 жұмыс беруші мекеме қатысып, ізденушілерге өндіріс және құрылыс салаларынан техникалық және жүргізуші, дәнекерлеуші-механик, электрик сынды 100-ден астам бос жұмыс орындарына шақырды. Қалалық «Еңбек мобильділігі» орталығының мамандары қосымша «Enbek.kz» сайтында тіркелген 1000-ға жуық жұмыс орнын ұсынды.
Пробациялық бақылауда жүрген азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу және жұмыс орнымен қамтып, әлеуметтік қолдау көрсеу аса маңызды. Сала мамандары бұл тұрғыда жұмыс орындарына жолдама беріп, қажет болған жағдайда жұмыс беруші мекемелермен қайта тілдесу ұйымдастыруды көздейді.
Айта кетейік, Пробация қызметінің төрт түрі бар. Сол себепті сотқа дейінгі, шартты-үкімдік, пенитенциарлық және постпенитенциарлық пробация түрлері кеңінен қолданылады. Оның біріншісі – сотқа дейінгі пробация – күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеуге бағытталған. Екіншіден, үкімдік пробация – бас бостандығын шектеуге сотталған. Ал, үшіншіден, пенитенциарлық пробация – қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жүрген адамдарды әлеуметке қосу жөніндегі қызмет пен шаралар. өртіншісі – пенитенциарлықтан кейінгі пробация – қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінен босатылған адамдарға қатысты пробациялық бақылау белгілеу мен оны жүзеге асыру және оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі қызмет пен шаралар болып табылады.
Еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесіне пробация қызметінің енгізілгеніне де көп болған жоқ. Оның Қазақстанда заңды түрде жүзеге аса бастағанына да алты жылдан асты. Сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек беру, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртібін түсіндіреді. Тіркелуі үшін Пробация қызметіне келу күндерін белгілейді. Сотталған адамға сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін және мәжбүрлі еңбекті орындау немесе орындамағаны және пробациялық бақылау шарттары мен тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібі де түсіндіріледі
80-ге жуық ізденуші қатысқан шара нәтижесі бойынша 32 адамға жұмыс орындарына жолдама берілді. Қалғандары бойынша жұмыс беруші мекемелермен қосымша тілдесу жүргізілу жоспарлануда.
Шымкент қаласында қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында кезекті «Бір нүктелік» рейдтік іс-шарасы өткізілді. Бұл жолғы шараға Патрульдік полиция полкі қызметкерлері ғана емес, сонымен бірге полк командирі және оның қызмет жөніндегі орынбасары да […]
Бұл жөнінде Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков, өзінің «фэйсбуктегі» парақшасында жазды. Шымкент қалалық №1 клиникалық аурухана – мегаполистегі ірі көпбейінді аурухана. Мұнда жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету сапасы уақыт талабына сай дамып […]
Заместитель начальника управления здравоохранения Шымкента Ернар Мырзакулов посетил больницы 21 июня – в честь дня медицинских работников и поздравил работников в белых халатах с их праздником. В ходе встречи заместитель руководителя Управления здравоохранения Шымкента […]
Пікір қалдыру