Бүгін Шымкент қаласында жөндеу жұмыстарынан өткен «Металлургшілер» саябағы қайта пайдалануға берілді. 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев қатысты.Демалыс орнының ашылу салтанатында сөз алған өңір басшысы тұрғындар мен қонақтарды мерекемен құттықтап, қайта жаңғыртылған саябақтың 60 жылдық тарихы бар екенін атап өтті.«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы баршамызды жаңғыруға, жаңаруға шақырады. Рухани жаңғыру өзімізді құрметтеуден басталады. Қаламызды таза ұстасақ, мәдениеті жоғары болса, тұрмысымыз жетіліп отырса, осындай саябақтарда аналарымыз, апаларымыз, балаларымыз қыдырып, демалып жүрсе, осыдан асқан бақыт жоқ шығар. Рухани жаңғырудың бір белгісі осы болса керек. Дәл осындай саябақтардың қатары жыл санап артып келеді. Қазіргі таңда бұрынғы қорғасын зауытында 40 гектар аумақта жаңа демалыс аймағының құрылысы жүріп жатыр»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Тарихтың көмескі беттері ашылып, жаңаша баға берілуде
Қарт тарихтың қойнауына көз салсақ, қазақ халқының мерейі үстем болған дәуірлермен қатар, қайғы-қасірет тартқан кезеңдері де аз емес екенін байқаймыз. Тарихтың ақтаңдақ беттерін парақтаған сайын 31 мамыр – саяси қуғын-сүргiн және ашаршылық құрбандарын еске алу […]
Шымкентте темір жол вокзалында санитарлық талаптар күшейтілген
Шымкенттегі темір жол вокзалында коронавирус инфекциясына қарсы тәртіп күшейген. Әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, бетперде режимі мен вагондар арасында жолаушылардың жүріп-тұруы талапқа сай жүргізіліп жатыр. Ал, жолаушылардың дене температурасы ғимараттың ішіне кіреберісте автоматты түрде анықталып, […]
Шымкентте жастар 100 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратты
Шымкент жастары 100 мұқтаж отбасыға азық-түлік себетін таратты. Қаладағы төрт аудан бойынша әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан тізім жасалып, Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» игі шараға ұйытқы болды. Аталған орталық бұл «Жанға жылу» акциясы аясын жүйелі […]
Пікір қалдыру