Оңтүстік Қазақстан облысының Жансейіт Қансейітұлы, Бөржар ауыл округіндегі «Миграж-Б» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал бордақылау алаңын аралап көрді. Бұл кешен бір мезетте 200 ірі қара мал мен жылқы бордақылауға ыңғайластырылған. Мұнда жылына 70 тонна ет өндіру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлының назарына «Өрлеу» бағдарламасы бойынша Ордабасы ауданында атқарылған жұмыстар ұсынылды. 2017 жылдың 10 айында бағдарлама аясында аудан бойынша 1142 отбасыға 307 миллион теңгеден астам қаржы үйлестірілген екен. Азаматтардың дені алған қаржыны мал шаруашылығын жүргізуге жұмсағанын айта кету керек. Мұнан өзге, Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев «Өрлеу» жобасымен қаржы алған қолөнершінің қолынан шыққан кәдесыйларды тамашалап, сондағы домбыралардың бірін сатып алды. «Оңтүстікқазақстандықтар «Өрлеу» жобасының тиімділігін көре бастады. Өрлеу» жобасы аясында бүгінге дейін жалпы сомасы 6 млрд-тан астам теңге болатын шартты ақшалай көмекті 20 мыңнан астам жерлесіміз алып, отбасылық табыстарын еселеп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да «Өрлеу» жобасына қатысушылардың саны 75,2 пайызға артқан
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәжіліс залында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың қатысуымен жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша тиісті мекемелердің дайындық барысы кеңінен талқыланды. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр ашып […]
Ордабасыда әр сенбіде жәрменке
Бүгін Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Ауыл округтерінен жеткен шаруалар өнімдерін тұрғындарға қолжетімді бағада ұсынды. Мәселен, картоп бағасы 70-90 теңгені, қырыққабаттың бағасы 40-50 теңгені, пияздың бағасы 60 теңгені, асқабақтың бағасы 40 […]
ОҚО-ға «Өрлеу» жобасын іске асыру үшін 7,3 миллиард бөлінген
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында «Өрлеу» жобасын іске асыру үшін 7,3 млрд. тенге бөлініп отыр. Бұл қаражатқа 126 мың адамға шартты ақшалай көмек көрсетіліп, 27,3 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Әзірдің өзінде облыстың барлық аудан, қалаларында […]
Пікір қалдыру