Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Ордабасы ауданындағы жеке кәсіпкер Ермекбай Утеевтің жылыжайына барып, жұмысымен танысты. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 2 млн. теңге несие алған кәсіпкер жылыжай салып, 2 азаматты жұмыспен қамтып отыр екен.Сонымен қатар, өңір басшысы Төрткүл ауылындағы «Нұр Агро 73» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақта өңдеу зауытының да жұмысымен танысқанын айта кету керек. Өз жұмысын 2016 жылы бастаған нысанның инвестициялық құны – 255 млн. теңгені құрайды екен. Мұнда бүгінгі күнде 300 адам тұрақты жұмыспен қамтылвп отыр. Оның ішінде 230-ы жергілікті тұрғындар екенін ерекше атап өткен жөн.14 өндірістік құрылғыда жылына 30 мың тонна мақта өңделеді. Оңтүстік өңірі көлемінде Мақтарал, Шардара, Ордабасы аудандарынан мақта қабылдайтын көрінеді. Қазіргі таңда, Төрткүлде дайындалған мақта талшықтары Чехияға, Белорусия мен Молдоваға экспортталып жатыр. Мұнан өзге облыс орталығы Шымкент қаласындағы «Меланж текстиль» фабрикасына жөнелтіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте шығатын вакуумдық түтікшелер Еуропада саудалануда
Қазіргі таңда, Шымкенттен шығарылатын вакуумдық түтікшелер Еуропада саудаланады. Бұл қазір өңірге таңсықтау экспорт болып отыр. «ЭкоФарм Интернешнл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Гүлия Жүзенованың айтуынша, мұндай түтікшелерді жасап шығару оңай шаруа емес. Жуық арада отандық өнім […]
Одабасы ауданындағы Қ.Спатаев ауылында ауыз су жүйесі іске қосылды
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында, облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Төрткүл ауыл округіндегі Қарсыбай Спатаев ауылындағы ауыз су жүесінің іске қосылу шарасына қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.Жаңа тартылған су құбырының ауыл […]
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ ЖАЛПЫ КӨЛЕМІ 450 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ
Биылғы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 450 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір артқан. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі де 2,5 есеге көбейіп, Түркістан облысының республикадағы үлесі 3-ші орында тұр. Бүгінде […]
Пікір қалдыру