Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өкілдері 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын түсіндірді. Сала мамандарының айтуынша, жаңа үлгіде шартсыз және шартты ақшалай көмек болып екі түрге бөлінеді. Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларына немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына объективті себептермен қатыса алмайтын отбасыларына беріледі. Мұндай отбасыларынан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді. Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі. Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, тараптар өзара жауапкершілікті мойындарына алады. Тұлғаларға тектен тек ақшалай көмек ұсынылмайды, оған жұмысқа орналасуға көмек беріледі, қайта даярлау мен кәсіби біліктілігін арттыру үшін әртүрлі курстарға жіберіледі. Осылайша, отбасының кедейлік жағдайынан шығу мүмкіндігі ынталандырылады.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстікте атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша тиісті мекемелердің дайындық барысы талқыланды
Шымкент қаласында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың қатысуымен жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша тиісті мекемелердің дайындық барысы талқыланды. Жиында сөз алған вице-министр, зейнетақыны тағайындау жүйесі өзгеріп, тиісті әлеуметтік көмектердің көлемі […]
ТҮРКІСТАНДА «SARYAGASH OPEN – 2018» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында «SARYAGASH OPEN» ашық турнирі өтті. Біріншілік 3-4 қараша күндері Көктерек кентінде орналасқан «Altyn Bulak Golf & Health Resort» гольф клубында ұйымдастырылуда. Турнирге Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен келген ойыншылар бақ […]
Шымкентте 286 814 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
Шымкент қаласында 266 814 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған деп хабарлайды Күнгей.кз ақпарат агенттігі. Елімізде жарияланған төтенше жағдай режимі кезіндеде тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыру бағытындағы жұмыстар үздіксіз жүргізіліп жатыр. Азаматтардан онлайн өтінімдер қабылдануда. 2020 жылғы 28 […]
Пікір қалдыру