Сарыағашта бос жұмыс орындарының жәрменкесі өтті

Сарыағаш ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Онда 30 дан аса жұмыс беру мекемелері қатыстырылып, 500-ден аса жұмыс орындары ұсынылды. Айта кетейік, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша биыл Сарыағашта 2 мыңнан астам азамат қайта оқуға жіберілген. Күні бүгінге дейін солардың тең жартысы қайта даярлықтан өтіп үлгерді. Әзірге 3-тен бірі тұрақты жұмысқа тұрған. Сонымен қатар, осы күні бағдарлама бойынша қысқа кәсіби даярлықтан өткен азаматтарға сертификат табыс етіліп, облыс әкімінің акциясы аясында тарту-таралғылар жасалды. Әрі оларға бос жұмыс орындары ұсынылды. Айта кетейік, облыста қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 12 мыңнан аса азамат жіберілсе, оның 5 мыңнан астамы оқуын бітірген, 1 жарым мыңға жуық тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев жаңа жылдан бастап жұмыс орындарының көптеп ашылатын жеткізді. Оның айтуынша, бүгінде басқарма мемлекеттік, бюджеттік мекемелердегі еңбек нарығына тұрақты мониторинг жасап, кәсіпорындардағы бос жұмыс орындарына да талдау жүргізіп отырады. Бұл тұрғындарға дер кезінде екі қолға бір күрек ұсынудың жолы.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*