Президент тапсырмасына орай Мақтаарал ауданында үш тұғырлы тіл саясатын ұстанатын балабақша бар. Мұнда балалар қазақ, орыс тілімен қоса ағылшын тілінде де амандасып, санап үйреніп жүр. Шет тілін үйренуге балалардың құлшынысы зор дейді ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әлия Әбдіжаппарова. Себебі шет тілін меңгерту әдісі өзге сабақтарды оқытуға ұқсамайды. Мұнда жаңашылдық басым. Сабақта аудио, видеожазбалар қолданылады. Шетелде білім алып келген жас маман бүлдіршіндердің сабаққа ынтасын ашу үшін барын салуда. Ағылшын пәнінен білген-түйгендерін балалар тәрбие сағаттарында да бір-бірімен жарыса көрсетеді. Алдымен қазақша, сосын орысша, соңынан ағылшынша тақылдай тақпақ айтады. Білім саласы өкілдерінің сөзіне сенсек, өңірде соңғы 2 жылда үш тілді тәрбе беруге көшкен балабақшалар саны артып келеді. Мектеп жанына ашылған 350 шағын орталық қазір осынау жүйеде жұмыс жасайды. Онда 21 мыңнан астам бүлдіршін тәрбиеленуде. Балабақша түлектерінен болашақ полиглоттардың шығатыны анық.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтараалда трактордың тіркемесін шығара бастады
Мақтаарал ауданында трактордың тіркемелерін шығаратын зауыт іске қосылды — деп хабарлайды КҮНГЕЙ.KZ ақпарат агенттігі ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап. Өндіріс орнының қуаттылығы жылына 70 тіркемеге дейін. Бүгінде мұнда 16 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Мемлекеттік грантпен ауданда […]
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 42 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ
Мақтаарал ауданының негізгі экономикасын ауыл шаруашылығы құрайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудандағы жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 42 млрд. теңгеге жеткен. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 32,2 млрд. теңге, мал шаруашылығы 9,6 млрд. теңге, ауыл шаруашылық […]
Мақтааралда мал бордақылау алаңдарының саны 80-нен асқан
Мақтаарал ауданында жайылым жер жоқтың қасы. Сондықтан, мұнда малды көбейткеннен көрі бордақылаған өте тиімді. Қазірдің өзінде ауданда 80-нен аса мал бордақылау алаңдары жұмыс істеп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Күнгей.kz ақпарат агенттігі аудан әкімінің баспасөз қызметіне […]
Пікір қалдыру