Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында ауыл шаруашылығының түйткілді мәселелеріне арналған жиын өтті. Іс-шараға ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы И.Әбішев, аудан әкімі Ғ.Исмаилов, Қазақстан фермерлер одағының ОҚО филиалының төрағасы Ж.Шәріпов және осы одақтың Мақтарал ауданындағы өкілі Ы.Стамқұлов қатысты. Сондай-ақ, қала, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауданның шаруалары бас қосқан жиында түйткілді мәселелер көтеріліп, шаруалардың мұң-мұқтажы тыңдалды.Еңбек ардагері, байырғы агроном Мекенбай Атабайұлы ауыл шаруашылығына қатысты бірнеше мәселелерді қозғады. «Мақтадан мол өнім алу үшін оның тұқымы жақсы болуы қажет. Әрине, аудан әкімдігінің бастамасымен биыл тұқым шаруашылығына қатысты жұмысшы топ құрылып, тұқым жетіспеушілігінің алды алынды. Дегенмен, жұмысшы топтан бөлек тұқым шаруашылығымен айналысатын мамандар штатын ашу керек. Екіншіден, біздің аудан аграрлы аудан болғандықтан, ауыл шаруашылығы техникаларына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын өндіріс орындарын ашуды қолға алу керек» — деді М.Атабайұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Атакенттің жаңа әкімі сайланды
Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов кент активіне Атакенттің жаңа басшысын таныстырды. Сайлаудан жеңіп шыққан Сламхан Азимов аудан әкімінің өкімімен жеке еңбек шартына сәйкес, міндетті арнайы тексеруден өткенге дейін Атакент кенті әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып […]
МАҚТААРАЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫЗ ТОҒЫЗЫНШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Мақтаарал ауданында аудандық мәслихаттың кезекті отыз тоғызыншы сессиясы өтті. Жиынға аудан әкімі Бақыт Асанов, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде аудан әкіміне жүктелген міндеттер […]
Мақтааралда 35 мың гектар жерге мақта егу жоспарланып отыр
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында мамыр айынан бастап шаруалар мақта егу науқанына жаппай кірісіп кетті. Биыл мақтааралдық шаруалар 35 мың гектар жерге ақ алтын шитін себеді деп күтілуде. Ол үшін 1 мың тоннаға жуық тұқымдық шит […]
Пікір қалдыру