Мақтааралда жергілікті билік пен шаруалар ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша кездесті

Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында ауыл шаруашылығының түйткілді мәселелеріне арналған жиын өтті. Іс-шараға ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы И.Әбішев, аудан әкімі Ғ.Исмаилов, Қазақстан фермерлер одағының ОҚО филиалының төрағасы Ж.Шәріпов және осы одақтың Мақтарал ауданындағы өкілі Ы.Стамқұлов қатысты. Сондай-ақ, қала, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауданның шаруалары бас қосқан жиында түйткілді мәселелер көтеріліп, шаруалардың мұң-мұқтажы тыңдалды.Еңбек ардагері, байырғы агроном Мекенбай Атабайұлы ауыл шаруашылығына қатысты бірнеше мәселелерді қозғады. «Мақтадан мол өнім алу үшін оның тұқымы жақсы болуы қажет. Әрине, аудан әкімдігінің бастамасымен биыл тұқым шаруашылығына қатысты жұмысшы топ құрылып, тұқым жетіспеушілігінің алды алынды. Дегенмен, жұмысшы топтан бөлек тұқым шаруашылығымен айналысатын мамандар штатын ашу керек. Екіншіден, біздің аудан аграрлы аудан болғандықтан, ауыл шаруашылығы техникаларына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын өндіріс орындарын ашуды қолға алу керек» — деді М.Атабайұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*