Мақтааралда «Мырзашөл жұлдыздары» атты ән байқауы өтеді

Бір кездері Мақтаарал ауданының орталығы Жетісай қаласында «Мырзашөл жұлдыздары»  ән байқауы жылда дәстүрлі түрде өтетін. Десе де, соңғы 20 шақты жыл төңірегінде өнер байқауы ұйымдастырлмаған еді.Алайда, жуырда Жетісай жақтан «тоқыраулы тоқсаныншы жылдарда қалып қойған ән байқауы араға көп жыл салып, Елбасының рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласы аясында, Мақтаарал ауданының 90 жылдығына және Астана қаласының 20 жылдығына орай қайта өтетін болды» деген жағымды жаңалық естідік. Мәдени шараны ауданның ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырып жатыр.

Сонымен, мамыр айының 17 жұлдызында оңтүстіктегі 16 мен 29 жас аралығындағы күміс көмей жас әншілер Мақтааралға жиылып, «Мырзашөл жұлдыздары» ән байқауында бақ сынайтын болды. Өнер байқауы Жетісай драма театрында өтеді.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, үміткерлер байқауда 2 ән орындайды. Оның бірі Мырзашөл өңіріне арналған ән болуы тиіс. Ал, екіншісі еркін тақырыпта екен.

Байқаудың жүлде қоры да тағайындалды.

1- орын 150 000;

2-орын 100 000;

3-орын 70 000;

Қосымша ақпаратты 8-775-936-45-77, 8-701-610-32-62 номерлеріне хабарласып біле аласыздар!

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*