Алмасбек Мамытбеков: Әрбір түскен арыздың артында бір отбасы тұр

Келіп түскен өтініштерді қарау нәтижесі бойынша Мақтарал ауданында орналасқан мекемелер мен кәсіпорындарда барлығы 43 тексеру жүргізіліпті. Қалған 62-і заң аясында түсіндірме беру бойынша келіп түскен өтініштер екен. «Еңбек заңнамасының сақталуы облыс көлемінде жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша кемшіліктердің басым бөлігі мынадай фактілер негізінен құралуда. Атап айтқанда, еңбек шартындағы сәйкессіздіктер, жалақы төлеу мерзімінің сақталмауы, демалыс беру мерзімінің сақталмауы, заңсыз тәртіптік шара көру, еңбек шартын заңсыз бұзу, жұмыс уақытының нормасын бұзу т.б.» — деді Р.Дурменов.Зәуре Маханова кәсіптік одақтың негізгі мақсаты — жұмыскерлердің құқығын қорғау, олардың мұң-мұқтаждарын билікке жеткізу екендігін атап өтті. Ал, А.Мамытбеков өз сөзінде аудандық білім бөліміне, басқа да мекемелерге келіп түскен арыз-шағымдарға дер кезінде мән беру керектігін баса айтты. «Егер, арыз-шағымдарға бейжай қарамаған болса, заңбұзушылықтар орын алмаған болар еді. Әрбір түскен арыздың артында бір отбасы, қаншама тағдырлардың жанайқайы тұрғанын ұмытпаған абзал» — деді басқарма басшысы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*