Мақтааралда 2 фельдшерлік амбулаториялық бекеттер пайдалануға берілді

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай, Мақтарал ауданындағы Мақталы және Қызылқұм ауылдық округтерінде облыстық бюджет есебінен фельдшерлік амбулаториялық бекеттер пайдалануға берілді.Нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова денсаулық сақтау нысандары елді мекен тұрғындарына алғашқы медициналық қызмет көрсету мақсатында пайдалануға беріліп жатқанын айтты. «Халықтың денсаулығы — мемлекеттің басты байлығы. Өйткені, дені сау адам әрқашан еңбекке жарамды болып, елдің дамуына ықпалын тигізеді. Сондықтан да, Президентіміз Н.Ә.Назарбаев денсаулық сақтау саласына баса назар аударып, медициналық нысандардың салынуына, медициналық қызметтердің сапасының жақсаруына үлкен көңіл бөліп келеді» — деді А.Ешанқұлова.

Медициналық нысандарда фельдшердік кабинет, екпе бөлмесі мен акушерлік кабинет орналасқан. Кабинеттердің бәрі де толықтай заманауи жаңа үлгідегі аппараттармен жабдықталып, білікті мамандар ауыл тұрғындарының барлығына да қажетті медициналық көмек көрсетуге әзір. Енді мұнда күнделікті денсаулығына шағымданған жандарға кез-келген көмек көрсетілетін болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*