Арыс қаласына баспасөз турымен барған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері Ақдала ауыл округіндегі «Қазына LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысымен де танысты. Аталмыш шаруашылық 2012 жылы жұмысын бастаған. Бүгінгі күнге дейін кәсіпорынға «ҚазАгроҚаржы» арқылы 1,87 млрд. теңге жұмсалған. Сонымен қатар кәсіпкер жеке қаражаты есебінен 330 млн. теңгені айналымға салғанын да айта кеткн жөн. Ал, «Қазына LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегілердің мәлімдеуінше, қазір мұнда 870 бас ірі қара бар екен. Қазіргі таңда мұндағылар әр сиырдан тәулігіне 21 литр сүт сауып алып жатқанын айтып жатыр. Оның үстіне жем мен шөптен де қиыншылық жоқ екен. Себебі, аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзіне тиесілі 3 мың гектар жері бар. Қазір сол 3 мыңның, 2 мың гектарына бидай, жүгері және жоңышқа егетін көрінеді. Сонымен қатар, «Қазына LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестіг бүгінде жүзге жуық жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорында жұмысшылардың орташа айлық жалақысы — 70 мың теңгені құрайды.
Ұқсас жаңалықтар
Арыста «Өрлеу» жобасымен кәсіп ашқандар көп
Бүгінгі таңда тоғыз жолдың торабы Арыс шаһарында 646 отбасы «Өрлеу» жобасы аясында мемлекет қолдауына ие болып, пайдасын көруде. Олар осы жоба арқасында жеке іс ашып, өздерінің шағын кәсіптерін өрлетуде. Осылардың бірі көпбалалы ана — Оразкүл […]
Арыста «әйелдерге қатыты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде
Ұлт болашағы – ұрпақ тәрбиесіне тәуелді. Ал тәрбие негізін, ең алдымен қоршаған ортасы қалайды. Сондықтан ұлтымыздың келешегі кемел, жолы жарқын болу үшін жастар, оның ішінде қыздардың тәрбиесі дұрыс болуы керек. Осыған орай, «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 […]
Арыстықтар қала күнін атап өтті
Түркістан облысы Арыс қаласындағы орталық Әл-Фараби алаңында қала күні тойланды- деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпара агенттігі. Меркелік іс-шараға жергілікті билік өкілдері мен тұрғындар және арнайы келген қонақтар қатысты. Бұл күні жарылыстан кейін қаланы қайта қалпына келтіруге […]
Пікір қалдыру