Арыс қаласына баспасөз турымен барған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері Ақдала ауыл округіндегі «Қазына LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысымен де танысты. Аталмыш шаруашылық 2012 жылы жұмысын бастаған. Бүгінгі күнге дейін кәсіпорынға «ҚазАгроҚаржы» арқылы 1,87 млрд. теңге жұмсалған. Сонымен қатар кәсіпкер жеке қаражаты есебінен 330 млн. теңгені айналымға салғанын да айта кеткн жөн. Ал, «Қазына LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегілердің мәлімдеуінше, қазір мұнда 870 бас ірі қара бар екен. Қазіргі таңда мұндағылар әр сиырдан тәулігіне 21 литр сүт сауып алып жатқанын айтып жатыр. Оның үстіне жем мен шөптен де қиыншылық жоқ екен. Себебі, аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзіне тиесілі 3 мың гектар жері бар. Қазір сол 3 мыңның, 2 мың гектарына бидай, жүгері және жоңышқа егетін көрінеді. Сонымен қатар, «Қазына LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестіг бүгінде жүзге жуық жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорында жұмысшылардың орташа айлық жалақысы — 70 мың теңгені құрайды.
Ұқсас жаңалықтар
«ЖАСА, ЖАЙНА АЛАШЫМНЫҢ АРЫСЫ» КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Арыс қаласындағы орталық «Әл-Фараби» алаңында еліміздегі өнер жұлдыздарының қатысуымен «Жаса, жайна Алашымның Арысы» атты концерті өтті. Халыққа мәдени-рухани серпіліс сыйлап, мерекелік көңіл күйді тарту ету мақсатында ұйымдастырылған шараға Дос-Мұқасан ансамблінің әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, […]
Арыстықтарға еңбек заңы түсіндірілді
«Еңбек жағдайын жақсарту, қызметкерлерді әлеуметтік және зейнеткерлік қамсыздандыру, еңбек демалысына шығу, еңбекке ақы төлеу, салауатты және қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы төлеу жүйесіне енгізіліп жатқан өзгерістерді талқылауға арналған жиын […]
БИЫЛ АРЫС ҚАЛАСЫНДА 100-ДЕН АСТАМ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Арыс қаласына бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін пресс-тур ұйымдастырды. Онда журналистер шахардағы тұрғын үй мәселесіне, әлеуметтік және басқа да нысандарда атқарылып жатқан жұмыстардың барысына қанықты. Алдымен, тілшілер «Көктем — 2» […]
Пікір қалдыру